Сенбі, 18 Қазан 2025
4178 0 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:30

Түркімен шенеунігін "билікке қарсы шығуға шақырды" деп айыптады

Түркіменстанның облыстық білім басқармасының шенеунігі 10 қазанда балалар бақшасы ақысын көтеруге қарсы наразылық ереуілінен соң ұсталды.

Азатлык радиосының хабарлауынша, Дашогуз облысында 10 қазанда ондаған әйел білім басқармасына жиналып, бала бақша ақысының қымбаттауына наразылықтарын білдірген. Наразы топта мекемеде басқарма өкілі қарсы алған. Ол тұрғындарды әкімшілікке барып шағымдануға кеңес берген. Одан соң наразы топ Дашогуз қаласы әкімшілігіне қарай бет алған.

Бұл акциядан соң шенеунік пен оның отбасын билікке қарсы көтерілуге шақырды деп айыптаған. Бұған қоса, шенеуніктің балабақшалардың бірінде істейтін әйелі мен жергілікті мектепте шаруашылық жетекшісі болып істейтін баласын жұмыстан шығарған.

10 қазанда түнде шенеунік үйіне полиция қызметкерлері келіп, оны ұстап әкеткен. Ол уақытша тергеу абақтысына отырғызылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 969
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10231