Сенбі, 23 Қараша 2024
3505 0 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:35

Ксения Собчак президенттік сайлауға өзін ұсынғанын жариялады

Ксения Собчак Ресей президенті қызметіне өзін ұсынғанын ресми түрде жариялады. Тележүргізушісі бес жылдан бері оппозиционерлермен бірге екенін, ондаған мың адам өзгеріс талап етіп митингке шыққанымен, елде оң өзгерістер болмай отырғанын айтты.

"Ұрылар мен жемқорлар өтірік айтуын, ал билік басындашылар ұрлауын доғарар емес", - деп мәлімдеді Собчак. Ол президенттік сайлауға қатысу арқылы "барлығына қарсы дауыс беру" мүмкіндігін сайлаушыларға ұсынуды көздейді. "Ксения Собчак – барлығына қарсы үміткер", – деп мәлімдеді тележүргізуші.

Собчактың президенттік сайлауға үміткер болатыны қыркүйек айының басында белгілі болды. БАҚ мәліметіне қарағанда, тележүргізуші президент Владимир Путин әкімшілігінің рұқсатымен сайлауға бара жатыр.

Собчактың өзі Кремльмен келісімі бар дегенді жоққа шығарды. Сайлауға қатысқысы келетін оппозиционер Алексей Навальный тележүргізушіні сынап, "карикатуралық либерал үміткер" деп атады. Собчак Навальныйды оппозицяның ыдырауына айыпты деп сынады, дегенмен "күш біріктіруге" шақырды.

Петербургтың бұрынғы басшысы Анатолий Собчактың қызы 2004 жылдан бері ТНТ телеарнасының "Дом-2" шоуын жүргізген. Жақында Собчактың әкесі туралы деректі фильм түсіретіні, оған Ресей президенті де қатысатыны белгілі болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411