Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 10156 13 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 13:04

Балташ Тұрсымбаев: Өтемұратов өте қатты есіріп барады. Тыю керек!

 

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, танымал саясаткер Балташ  Тұрсымбаев  пен ақын, Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты авторларының бірі Жұмаш Кенебай өзара шағын мәслихат құрып, Қырғызстанда өткен президенттік сайлау қарсаңындағы саяси науқан туралы пікір бөлісіпті. Екеуара сұхбат барысында Балташ Тұрсымбаев қырғыз сайлауына қазақстандық олигарх Болат Өтемұратов араласты деп өз пікірін ашық айтты.

Жұмаш Кенебай: - Балташ аға, бірнеше күннен бері жұрт назарын өзіне ерекше аударған жайт қазақ пен қырғыз арасындағы келеңсіздеу әңгіме болса керек. Қырғызстандағы президенттік сайлауға тікелей араласқан қазақстандық олигарх, миллиардер Болат Өтемұратов деген сөз бар. Оның үстіне әлемдік ақпарат құралдары да тура осылай деп жарыса жазып жатыр. Сіз осы турасында не айтар едіңіз?

Балташ Тұрсымбаев: - Иә, Жұмаш, дұрыс байқағансың. Бұл әңгіменің бауырлас қырғыз елінде президенттік сайлауға таяп қалған күндері шығуы  тегін емес.

Қырғыз бен қазақ ежелден Алатаудың баурайында төскейде – малы, төсекте – басы қосылған, қыз алып, қыз беріскен және де тілдері де ұқсас бауырлас халық едік.

Мына біздегі шектен шыққан, ұрлап-жырлап жыйған байлығын қайда шашарын білмей жүрген байлар есіре бастаған сияқты. Сол есіріктердің бірі – миллиардер Өтемұратовқа есепсіз байлық қай атасынан мұраға қалыпты? Соншалықты аяқ астынан байып шыға келетіндей Өтемұратов не істепті өзі? Ана миллиардтаған долларларды ол қайдан алған? Иә, бұл бөлек әңгіме...

Міне, сол шіріген бай Өтемұратов Қырғызстанның нағыз демократиялық жолмен өтпек болып отырған президенттік сайлауына ашықтан ашық араласып, көршілес тәуелсіз мемлекетке өз ықпалын жүргізбек болып, президенттікке кандидаттыққа өз адамын ұсынып, пара беріп дегендей, сұмдық әрекеттерге барған. Өтемұратовтың ол құйтырқы саясаты әшкере болып, масқара болдық! Ең жаманы – Өтемұратов қырғыз бен қазақтың, дәлірек айтқанда өз алдарына тәуелсіз мемлекеттер: Қазақстан мен Қырғызстанның арасына от тастай жаздады.

Өтемұратовтың бұл жүгенсіздігін ашық айыптап, оны шолжаңдатып қоймай, қатаң жазалау керек сияқты! Ол қатаң жазаланса, болашақта ондай сорақылықтар қайталанбауы мүмкін.

Сұхбаттасқан Жұмаш Кенебай

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5416