Сенбі, 23 Қараша 2024
3534 0 пікір 23 Қазан, 2017 сағат 08:56

Тәжікстанда адам құқығын қорғаушы әскерден қашқандарды ұстау операциясына түсіп қалды

"Азаматтық еркіндік кеңсесі" қоғамдық ұйымының мәлімдеуінше, биыл күзгі әскерге шақыру науқаны кезіндегі операцияны негізінен милиция қызметкерлері жүргізіп отыр. Ұйымның адвокаты және адам құқығын қорғаушы Дилшод Джураев осындай операциялардың біріне ілігіп қалды.

"Оқиға Душанбе қаласының Сино ауданында болған. Милиция капитаны мен тағы үш көмекшісі менің жасым нешеде екенін сұрады. Мен әскерге жарамды жаста болсам не болатынын білгім келіп, жасым 27-де екенін айттым. Негізі мен 36 жастамын. Олар менің әскери комиссариатқа алып келіп, өздері кетіп қалды. Комиссариаттағылар жасымның нешеде және кім екенімді білген соң, менен кешірім сұрап, ешкімге шағымданбауымды сұрады", - деді Дилшод Джураев.

Оның айтуынша, әскери комиссариатта ол бірнеше жасөспіріммен сөйлескен, олар мұнда тексеру операциясы кезінде жеткізілген екен.

Әскерге заңсыз әдіспен шақырылғандардың ата-аналары ұйымға 12 шағым түсірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411