Ақберен Елгезек.«Жаңа жылдың» жаназасы
Жыл сайын қазақтың ұлық мерекесіне іс жүзінде айналмай-ақ қойған Тәуелсіздік күнін біз әсем безендірілген жасыл шыршалар мен тегімізге жат кейіпкерлердің қозғалыссыз шеруі аясында қарсы алып жатамыз. Бұл келеңсіздік туралы киелі мейрамымыздың қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында ұлтжанды азаматтарымыз шырылдап жазып та жүр. Оған құлақ асатын билік те жоқ, қарсылық білдіріп жатқан қоғам да жоқ.
Жаңа жыл мерекесінің қазаққа түк қатысы жоқ, біздің жыл бастауымыз Наурыз деп шулағаннан жалыққан да сыңайлымыз. Сондықтан бұл мәселеге басқа қырынан келіп қарауды жөн санап отырмыз.
Осы жаңа жыл мерекесі деген қаншалықты тірі мереке деген сұраққа жауап іздеп көрелікші. Неліктен біз ұлтымызға қажетті дәстүр мен салтымызды жаңғыртып, оны күнделікті қолданып отырудың орнына жаңа жыл секілді ешқандай мағынасы мен мәні қалмай бара жатқан бөтен дүниені тойлауымыз қажет? Әрине, еуропалық жаңа жыл батысшыл көзқарасты жақтайтындар мен әлі де орыс дүниетанымына құл болудан бас тарта алмаған қандастарымыз үшін қызықты мереке шығар. Ешкімнің таңдауына қарсы шыға алмайтынымыз анық. Дегенмен, «Жаңа жылды» марқұм мейрам екенін келесі себептермен түсіндіріп кетсек деп едік.

Кейінгі жылдары 31 желтоқсанда дастарханымыз оливьеден бастап мандаринге дейін жайнап тұрғанымен, бұрынғыдай мерекелік көңіл-күй жоқ. Осыдан бір 20 жыл бұрын ғана жаңа жыл қарсаңында ауада кәдімгідей тылсым бір қуаныштың рухы қалықтап жүретін. Ауылдағы контордың алдына, мектептің спортзалына қаладан арнайы әкелінген жасыл шырша, болмаса соның жасанды көшірмесі орнатылылып, безендірілетін. Жұрт жаңа жылдың алдында соғым сойып, аудан орталықтарынан тәтті кәмпит-шекер мен салют-малюттер әкеліп, жеңгелеріміз өзінен-өзі бақытты боп бауырсақ пісіріп, жерқоймадан тұздалған қияр-қызанақтар шығарылып мәре-сәре болып жататын еді ғой. Үйдің ауласындағы қарды сыртқа шығарып, малға да обал ғой деп қора-қопсымызды түгелдей тазалап, қой мен сиырға да жақсылау шөп-жем салып жүретін едік. Ащы суға құмар ағаларымыз тамақтары жібитін болғанына қуанып, балалар аққала соғып жататын еді. Жұрттың барлығы мейірленіп, жылы сөз айтқысы кеп, біртүрлі сөйтетін...
Ойлап отырсаңыз, оның өз себептері бар сықылды. Кеңестік жаңа жылдық дастарханы күнделікті тұтынатын жұпыны ас мәзіріне қарағанда жылына бір рет қана «байып» қалатын. Көптеген тағам түрлері, әсіресе тропикалық жеміс-жидектер коммунистердің асқазанына жылына бір-ақ рет түсетін. Қалада тұратын қазақтар қара уылдырықты да осы жаңа жылда ғана бір көретін-ау осы. Ал, ауылда қайдан болсын мұндай дүние?! Қазіргі балаларды бай дастархан немесе шытырлап, мың құбылып атылатын салюттермен қызықтыра алмайсыз. Құдайға тәуба, әр қазақтың үйіне осындай дастархан бар, болашақта да астан таршылық көрмейік. Мәселе, жылына бір рет жайылатын осындай үстелдің құны кетіп бара жатқанында болып отыр. Сақалы сапсиып, жас дауысты Аяз атаның іс-әрекетіне де балалар «кімді алдап тұрсың?» деген сыңаймен қарап тұратынын бәріміз де байқап жүрміз.
Сосын жаңа жыл - түнгі мереке. Кеңес адамы үшін түн деген ең қауіпті кезең болып есептелететін. 30-40 жылдардан қалған үрей ол заманның адамын кеш батысымен ұйқыға кетуге дағдыландырған. Сондықтан ол үшін түнгі өмір беймәлім әлем секілді болатын. Жаңа жылдық түн - жылына бір келетін көңілді мезет болғандықтан, бұл күнді кеңес адамы ерекше күтетін. Бүгінгі заман адамының түнгі өмірін клубтарда, казино мен мейрамханаларды, әртүрлі көңіл көтеретін мекемелерде өткізуге мүмкіндігі бар. Сол себептен қазіргі жаңа жыл мерекесінде біз сағат 24.00 - ден кейін ұлттық арналарда көрсетілетін мерекелік шоуларды аяғына дейін көрмей, ұйықтап қалуға тырысамыз.
Жаңа жыл кеңес қоғамы үшін «жоғарыдан түсірілмеген» бейресми мереке болғандықтан, ұзақ-сонар баяндамалардан, құрғақ уәделерден жалыққан жұрт үшін заманында бұл мереке шынымен жалпыхалықтық сипат алған еді. Бүгін билік бөлек, халық өз бетінше өмір сүріп жатқандықтан, еркіндік пен жариялылық бізге мүлде қызық болмай қалды. Бірақ сонымен қатар, біздің билік өліп бара жатқан жаңа жылға жаңа дем беруге құштар. Әйтеуір, желтоқсан келісімен Алаштың барлық аймақтарында шыршалар қойлып, көшелердің барлығы жаңажылдық құттықтауларға толып кетеді. Теледидар арқылы шыңылтыр аязда дірдек қағып тұрып: «Осындай әдемі шырша сыйлаған пәленбай әкім ағамызға рахмет!» - деп жылы үйі мен компьютеріне асыққан балаларды көріп отырамыз.
Соңғы екі-үш жылдың көлемінде қала қазақтары желтоқсанның 31-де ғана жаңа жыл есіне түсіп, дүкендерге сабылып жататынын қайтесің! Міндет секілді.
Ал, күн мен түн теңесіп, шынымен де табиғат түлеп, жаңа өмірдің басы Ұлыстың ұлы күні кафелерден наурызкөже іздеп жүргенін...
«Абай-ақпарат»