Жұма, 22 Қараша 2024
Қылмыс 5777 37 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 09:58

Қандықол Тоқмадидың артында Әблязов тұрған...

Арада 13 жыл өткенде белгілі банкир Ержан Тәтішевтің жұмбақ өлімінің құпиясы ашылды. «КТК» телеарнасынан көрсетілген деректі фильмнің басты кейіпкері – Мұратхан Тоқмади қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін толық мойындады. Сол кездегі қолымен жасаған барлық қылмысын мойындаған қылмыскер арам жолмен капитал жиғанына қатты өкінетінін жеткізді.

«Шыны королі» атанған Тоқмади 2003 жылы М. Әблязовпен кездеседі. Ол уақытта «ТұранӘлембанкінің» басты акционері және басқарма төрағасы, әйгілі қаржыгер Ержан Тәтішевтің бақ-беделі өте жоғары болатын. Сол кезде жоғары лауазымды қызметтерді атқарғанымен, «жолы болмаған», Президент аяушылық жасаған алаяқ банкир Мұхтар Әблязов бұл жайтқа үлкен қызғанышпен қарады. Ол қалай да Ержан Тәтішевтің көзін жойып, еліміздегі ең мықты банктің қожайыны болуды көздеді. Бұл арам ойын іске асыруға Мұратхан Тоқмадиды сәтімен пайдаланды.

13 жыл бұрынғы қанды оқиға қалай болған еді? Ызғарлы желтоқсанның аппақ қар жапалақтап жауған күндерінің бірінде Ержан Тәтішев М. Тоқмадиға қоңырау шалып, аңға шығуға шақырады. Үлкен «Ланд Крузерге» мінген жандар үшеу болатын: Ержан. Мұратхан және банкирдің оққағары. Сайын далада қасқырларды қуып келе жатып, көліктің рөлінде отырған Ержан Тәтішев өзінің мылтығын артқы орындықта отырған Мұратханға береді. Ал Мұратхан көліктің алдындағы қасқырды емес, рөлдегі Ержанның өзін атады. Оқыс оқиғадан ештеңе түсінбей қалған оққағар Козлихин Мұратханнан: «Мұның не? Неге аттың?» деп сұрап үлгереді. Сонда Мұратхан: «Неге атқанымды өзім де білмеймін!» деп жауап қайырып, мылтығын ұстаған күйі отырып қалады. Алайда... 13 бұрынғы қанды оқиғаға куә болған Козлихин бар шындықты айтқанымен, М. Тоқмади адам өлтіргені үшін түрмеге қамалған жоқ. Деректі фильмде ол тергеу органдарына, сараптама жасайтын мамандарға 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп, қылмыстан құтылып кетеді. «Қылмыс түбі - түрме» демекші, арада 13 жыл өткенде ол түрмеде отырып, бар қылмысын жайып салды.

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286