Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1834 0 пікір 8 Желтоқсан, 2010 сағат 05:12

Ресей ДСҰ-ға Кедендік одақ елдерінен жеке кіретін болады - Медведев

Алматы. 8 қараша. ҚазТАГ – Ресей ДСҰ-ға Қазақстан мен Белоруссиямен бірге кіретін Кедендік одақ мүшелерінен жеке кіретін болады. Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведев сейсенбі күні Брюссельде Ресей – Еуропа одағы жоғары деңгейдегі кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Біз ДСҰ-ға жеке, бірақ Кедендік одақтың құрамында бола тұрып кіретін боламыз, бұлар бір-біріне қайшы емес. Және мұның қалыпты жағдай екенін бәрі түсінуі тиіс. Одақтар көп, ал ДСҰ - жалғыз», - деді Д.Медведев, оның сөздері РФ президентінің ресми сайтында жарияланған.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу «Ресей ДСҰ-ға Кедендік одақтың мүшесі бола тұрып мүшелікке өте алады» деді. «Кедендік одақтың басқа мүшелері де ерте ме, кеш пе ДСҰ-ға кіреді деп үміттенеміз. Бірақ олардың бір уақытта мүшелікке өтуі міндетті емес. Сондықтан болашақта Ресейді ДСҰ мүшелерінің арасынан көреміз деп үміттенеміз», - деді Ж.Баррозу.

Ресей президенті «біздің Америка Құрама Штаттарымен және Еуроодақпен қол жеткізген уағдаластықтарымыздан кейін Ресейдің ДСҰ-ға қосылуы нақты жүзеге асатын сияқты» деп мәлім етті. «Биылғы жылы осыған қатысты жағдайдың қалай қалыптасқаны менің көңілімнен шықты. Бұл жыл ондаған жылдарға созылған келіссөздер кезіндегі ең сәтті жыл болды. Мен осы мәселені шешуге қатысқан әріптестерімнің бәріне және шетелдік әріптестеріме, Еуроодақ бойынша әріптестеріме, командаларымызға, осы келіссөздерге қатысқан командаларға алғыс білдіргім келеді», - деді Д.Медведев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446