Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкжиек 2402 0 пікір 16 Қыркүйек, 2017 сағат 14:31

«Еншіңді» ал!

 

Жуырда «Енші» зияткерлік-танымдық телевизиялық жобасы көрерменге жол тартады. Жобаға 10-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері  қатыса алады. Бағдарлама еліміздің ең білімді жасын анықтауға бағытталған. Білім бәйгесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының бастамасымен қолға алынды. Төрт кезеңді қамтитын сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 48 қатысушы іріктеліп алынады. Білгірлер бәсекесінде қойылатын сұрақтардың дені тарих, мәдениет, әдебиет пен салт-дәстүрге негізделген. Сондай-ақ, интеллект, логика және мықты эрудиция да өз септігін тигізеді.

Сонымен іріктеу Ақтау қаласында 18-қыркүйекте бастау алса, Өскеменде 19-ы, Ақтөбе мен Алматыда 21-і, Шымкентте 25-сі, Астанада 29-ы өтеді. Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар үш блогқа бөлінген тапсырманы орындайды. Алғашқы блогта берілген 10 сауалдың бір ғана нұсқасы дұрыс болса, екінші блокта сұрақтардың бірнеше жауабы болады. Ал үшінші блокта ұзын-саны жиырма сауалдың ешбір нұсқасы ұсынылмастан, жазбаша түрде алынады. Тестілеуден жоғары ұпай жинағандар екінші кезеңде бақтарын сынайды. Бұл айналымда қатысушыларға ауызша түрлі сауалдар қойылады. Аймақтық кезеңге қатыса алмағандар бағдарлама сайтында (www.yenshi.kz-авт.) өтініш қалдыру мүмкіндігіне ие. Дегенмен, тіркелу үшін де үміткерлердің білімі тексеріледі. Яғни, өтініш қалдырмас бұрын қатысушы 50 секунд ішінде 10 сауалға жауап беруі тиіс. Қойылған сұрақтардың 9-ына дұрыс жауап берген қатысушығаіріктеу комиссиясы 29-30 қыркүйек аралығында «Skype» арқылы байланысқа шығып, екінші кезеңнің сұрақтарына жауап алады. Сыннан сүрінбей өткендер ғана жобаның телевизиялық кезеңіне жолдама алады. Ұйымдастырушылар сауалдардың үздіксіз өзгеріп отыратынын айтады.

Аймақтық кезеңге барлығы 1500 үміткер қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ, бағдарламада осыншама сұрақ оқылады деп күтілуде. Сұрақ демекші, бағдарламада көрермендерде де өз сауалдарын қатысушыларға жолдауына болады.

  • Бағдарламада қазақтың байырғы салт-дәстүрі мен ұлттық құндылығын жаңғырту көзделіп отыр. Бұл жобаның бұрынғы зияткерлік-сайыстардан өзгешелігі осында. Яғни, жеңімпаз тек білімді ғана емес, салт-дәстүрімізбен сусындаған, қазақ тілінің қадір-қасиетін сезіне алатын жас болады. Білім бәйгесінің берері мол,- деді (Жазира Әкімқызы қосады)

Додада үздіктерден іріктелген 48 ойыншы жобаның алғашқы айналымында 15 сұраққа жауап береді. Екінші «Тоғыз торап» кезеңінде,  аты айтып тұрғандай 9 түрлі тақырып төңірегінде өзара сынға түседі. Ал «Жамбы ату» кезеңінде ойыншылар өздері қалаған ұяшыққа жамбыны орналастыру арқылы сұрақты таңдауға құқылы. Соңғы айналым тұтастай қазақтың шоқтығы биік шығармалары мен олардың авторлары, салт-дәстүрлер, фольклордан келеді.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қомақты сыйақы күтеді.

Нұрбай Шәкім

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448