Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2125 0 пікір 9 Желтоқсан, 2010 сағат 03:59

Диакон Владимир әкей . «Қазақтардың арасында пәрменді әрі күшті жұмыс бастаймыз»

Орыс шіркеуі қазақты шоқындыру дейтін патша заманындағы жымысқы саясатын қайта жандандырып жатыр. Ал, қазақ билігі 2011 жылы Ислам конференциясына төрағалық етуде басты мақсат - Ислам мен христиан әлемінің арасын жақындату болатынын керең емес жанның бәрі естіді. Қазақстандағы шіркеулерде мінәжат ету қазақ тілінде де жүргізіледі деген Қазақстандағы орыс шіркеулерінің басшысы қазақ басылымдарының қарсылығына ұшырағаннан кейін бұл сөзінен танып, қазақ тіліндегі мінәжат туралы айтқанын сиырқұймышақтатып жібергені белгілі. Алайда, орыс шіркеуі бір саусағын ішіне бүгіп жүрген екен. Ақыры, Кремльдің қолдауын ерекше сезініп, екілене бастаған орыс шіркеулерінің қазаққа қатысты ұстанымын  «Татьянин день» деп аталатын орыстың діни сайтына сұхбат берген Қазақстандағы орыс шіркеулері орталығының діни қызметкері (клирик) Диакон Владимир Завадич деген ағашқа керілген Исаның мүриттерінің бірі қоясын ақтарып салыпты.

Сұхбатты ықшамдап, еркін аудармамен ұсынып отырмыз.

- Владимир әкей, орыс православ шіркеуінің Қазақстанда миссионерлік жасауға мүмкіндігі бар ма?

- Бұл мәселе туралы айтпас бұрын қазақтардың арасында ізгі хабар тарату керек пе деген қағидатты мәселелерді шешіп алу керек.  Егер бұл мәселені ойдағыдай  шешсек, онда қазақтардың арасында пәрменді әрі күшті жұмысты бастаймыз. Болмаса біз бәрін баяғыдай қалдырамыз. Яғни қатты айтқанда, шіркеу қабырғасынан әрі аспаймыз.

Бірақ Қазақстанда оның ішінде оңтүстікте белсенді уағызшы бар. Мысалы, Илья әкей мешітке барып, тура Шымкенттегі мешіттерде ізгі хабар таратып жүр.

- Бұл қалай қабылданып жатыр?

-  Бұл әрине, қауіпті. Бәлкім бұлай істеудің қажеті жоқ шығар. Ал, бірақ мұсылмандар таң қалып: «Не деген ержүрексіңдер! Қорықпай келіп, өз діни сенімдеріңді уағыздап жүрсіңдер. Осының алдында Иегово куәгерлері келіп, қорыққандарынан табалдырыққа журналдарын тастады да, қашып кетті» депті.

- Екінші рет оны мешітке кіргізіп пе?

- Илья әкейдің айтуынша, оның әрекетінен кейін олар христиандарды сыйлай бастаған. Ол уағызды осы бағытта жалғастыратынына үміттеніп отыр. Бірақ, Қазақстанның солтүстігіне қарағанда, оңтүстігінде Ислам дінінің беріктігі күшті екені белгілі. Оңтүстікте этникалық қазақтар өте көп. Солтүстікте түгелге дерлік орыстілді ғой.

- Сонда белсенді миссионлерлікті қолға алу туралы шешімді кім қабылдайды?

- Менің ойышма, митрополиттік аймағының Александр әкейі қабылдауы керек.

- Демек, бұл мәселені жуық арада талқыға саласыздар ғой?

- Солай болатын шығар. Мен тіпті, Орталық Азиядағы жұмыс істейтін миссионерлердің ерекше миссионерлік съезін өткізу бастамасын көтермек ойдамын. Өйткені, біз бөлек құқықтық кеңістік пен басқа рухани ортада жұмыс істеп жатырмыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5471