Интернет-конференция: Дихан Қамзабекұлы
Қазақ үшін желтоқсан айының орны бөлек. Ерекше. Дәл осы айдың он үші - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Алаш ұлттық территориялық автономиясын жариялаған күн. Алаш тарихындағы айтулы, аяулы күн.
1986 жылы дәл осы желтоқсан айында ұлт-азаттық көтерілісі Тәуелсіздігімізге жол салды.
Ал, 16 желтоқсан - қасиетіңнен айналайын Тәуелсіздік күні. Міне, желтоқсанның қазақ үшін қасиетті болатыны.
Алаш ұлттық территориялық автономиясының жарияланған күніне орай Алашорда кеңесін, Алаш партиясын, Алаш үкіметін, Алаш автономиясын және Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерттеуге бар қажыр-қайратын жұмсап, аянбай тер төгіп жүрген алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы «Abai.kz» порталының оқырмандарымен ой бөлісіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап беруге ықылас танытып отыр.
Өмірбаян
1966 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Келтемашат ауылында туған.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (1983-1990) бойынша білім алған.
1984-1986 - әскер қатарында (Ресей, Самара) болған.
1990-1996 - ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері (Алматы)

1996-2000 -Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (Ақмола-Астана)
2000-2001 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің аға ғылыми қызметкері (Астана)
2001-2004 - Қазақ ұлттық Музыка академиясы тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі (Астана)
2004-2005 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры (Астана)
2005-2006 - Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университеті оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры (Астана)
2006 жылдан - Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры (Астана)
Негізгі ғылыми еңбектері:
«Смағұл Садуақасұлы» (монография, «Қазақстан» баспасы, 1996)
«Руханият» (монография, «Білім» баспасы, 1997)
«Алаш және әдебиет» (монография, «Фолиант» баспасы, 2002)
«Ағартушылық және әдебиет» (оқу құралы, «Фолиант» баспасы, 2003)
«Пайым» (монография, «Сөздік-Словарь» баспасы, 2004)
Ж.Аймауытовтың 5 томдығын құрастырушы, түсініктерінің авторы (1997-1999, 2002-2005)
С.Садуақасұлының 2 томдығын құрастырушы, алғысөзі мен түсініктерінің авторы (2003)
Қ.Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының құрастырушысы, алғысөзі мен түсініктерінің авторы (1996)
Қ.Кемеңгерұлының 3 томдығын құрастырушы, алғысөзі мен түсініктерінің авторы (2004-2006)
Х.Болғанбаевтың шығармаларын құрастырушы, алғысөзі мен түсініктерінің авторы (2005)
Қ.Кемеңгерұлының редакторлығымен 1925 жылы шыққан «Қазақша-орысша тілмаштың» құрастырушысы, алғысөзі мен түсініктерінің авторы (2005)
«Қазақтың Қошкесі» деректі фильмі сценарийінің авторы (1996)
Астана туралы «Бата», «Көздің қарашығындай» деректі фильмдері сценарийінің авторы (1999)
«Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары» ғылыми анықтамалығының жауапты редакторы (2006)
450-ге жуық журнал мен газет мақалаларының, 150-ден астам теле-радио материалдарының авторы
«Абай-ақпарат»