Руслан Ерболұлы. Жерар жарады!
Францияның әлемгi әйгiлi актерi Жерар Депардье Астанаға келiп, "Қазақфильм" түсiрген "Кешiккен махаббат" атты фильмнiң тұсаукесер рәсiмiне қатысты. Бұл киноны көрерменнiң қызыға көретiнiне қазiрден бастап бәс тiге беруге болады. Фильм өте сәттi шыққан. Күлдiре отырып мұңайтатын, мұңайта отырып күлдiретiн бұл фильмнiң ең басты ерекшелiгi - қазақ ауылының өмiрiн айна-қатесiз көрсетуi.
Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тырс еткен тiрлiгi жоқ кiшiгiрiм ауылдың тұрғыны Гера ағаның рөлiн сомдаған Жерар Депардьенi Францияның актерi деп айтқыңыз келмейдi. Немiс болса да (кинода немiс шалының рөлiнде) қазаққа сiңiсiп, таза қазақ болып кеткен нағыз Шымкенттiң шалы. Ауылдың Қалтайы (Нұржұман Ықтымбаев сомдайды) мен Сатыбалдысынан (Болат Қалымбетов ойнайды) еш айырмасы жоқ. Аңқылдаған аңқау, аузын ашса жүрегi көрiнетiн ақкөңiл, дос көңiлi үшiн отқа да, суға да түсетiн, тiптi алғашқы махаббаты, жүрегiнiң түкпiрiндегi Қалиманы да қия салуға дайын нағыз қазақтың мырза шалы.
Францияның әлемгi әйгiлi актерi Жерар Депардье Астанаға келiп, "Қазақфильм" түсiрген "Кешiккен махаббат" атты фильмнiң тұсаукесер рәсiмiне қатысты. Бұл киноны көрерменнiң қызыға көретiнiне қазiрден бастап бәс тiге беруге болады. Фильм өте сәттi шыққан. Күлдiре отырып мұңайтатын, мұңайта отырып күлдiретiн бұл фильмнiң ең басты ерекшелiгi - қазақ ауылының өмiрiн айна-қатесiз көрсетуi.
Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тырс еткен тiрлiгi жоқ кiшiгiрiм ауылдың тұрғыны Гера ағаның рөлiн сомдаған Жерар Депардьенi Францияның актерi деп айтқыңыз келмейдi. Немiс болса да (кинода немiс шалының рөлiнде) қазаққа сiңiсiп, таза қазақ болып кеткен нағыз Шымкенттiң шалы. Ауылдың Қалтайы (Нұржұман Ықтымбаев сомдайды) мен Сатыбалдысынан (Болат Қалымбетов ойнайды) еш айырмасы жоқ. Аңқылдаған аңқау, аузын ашса жүрегi көрiнетiн ақкөңiл, дос көңiлi үшiн отқа да, суға да түсетiн, тiптi алғашқы махаббаты, жүрегiнiң түкпiрiндегi Қалиманы да қия салуға дайын нағыз қазақтың мырза шалы.
Фильмнiң оқиғасы да қарапайым. Жер ортасынан асқанда Құдай қосқан қосағынан айырылып, жалғыз сиырымен соқа басы сопайып ескi үйде қалған Қалтай шалдың ерте тұрып, о дүниелiк кемпiрiнiң орамалын жамылып, шалғышын тартынып (мұнысы кейiннен белгiлi болды: ала сиырдың қайтыс болған кемпiрге ғана желiнiн ұстататын қиқар әдетi бар екен), сиыр сауып отыруы және онымен жалғыздық жайлы сыр бөлiсуi бастапқыда күлкiңдi келтiргенiмен, артынан жүрегiңдi тiлгiлейдi. Қалтайдың кемпiрiнiң зиратына барып: "Жақсы жер тауып алған шығарсың, өмiрде де пысық едiң ғой..." деуiнiң өзi санаңа түрлi ой салады.
Қалтай шал осылай жабығып жүргенде көршiсiне қаладағы Жиде келедi. Ол да тағдырдың жазуымен жесiр қалған. "Жас келсе де, көңiл қартамайды екен", Қалтай досы Гераға барып, өзiнiң үйленбек ойы бар екенiн айтады. Сол-ақ екен, Гера ауылдағы жесiрлердiң атын атап, түсiн түстеп, соларды түгелдеуге кiрiсiп кетедi. Жиденiң өзiне төбеден түскендей, дереу құда болып барып, беттерi қайтқан соң, "қалалықтар бiздi қайтсiн!?" деп бұлқан-талқан ренжидi. Шалдардың ренжуi кинода өте шынайы бейнеленген. Қалыңдық iздеп, ауылды шарлап, қазақы қалжыңдарымен көрермендi баурап алатын қарттардың тiрлiгiнде ешқандай жасандылық жоқ. Өмiрдiң өзiндей өте табиғи.
Барар жер, басар тауы таусылғаннан кейiн Гера өзiнiң қолы жетпеген алғашқы махаббаты, яки Қалиманы Қалтайға алып бермекке бекiнедi. Бiрақ, кешiгiптi. Iздеп барса, Қалима да бұ дүниеден өтiп кетiптi. "Ана жылы Германияға көшкенiмде, Қалима көзi жасаурап, "ол жаққа сен сыймайсың" деп едi... Әулие екен ғой!" деп, ұлты немiс Гераның өкiнуi де риясыз сендiредi.
Кинода ауыл өмiрi боямасыз көрсетiледi. Мүмкiн фильмнiң жүрекке жақын көрiнуi де осыдан ба екен... Қалтайдың ала сиырының сүтiне қараған көршiнiң үйi, топсасы тозып, бояуы кеткен ескi есiктер, әбден тозығы жетiп бордай уатылған шатырлар, жырық қол жуғыш, сынық айна, сылағы әлдеқашан түскен қабырғалар, шөгiп, жарбиып тұрған үйлер - дәл бүгiнгi қазақ ауылының шынайы суреттерi. Дастарханнан да қазы-қарта, қара уылдырық, құрт пен жент көрiнбейдi. Жаз мезгiлi болған соң шығар, жүзiм мен алма ұшырасады дастарханда, әйтеуiр. Көбiнесе, баяғы нан мен қант. Дастархан қонаққа жайыла қалса, ауылдың мойны сорайған "самопалы" қойылады. Сатыбалдының құдалыққа ұялмай мiнiп баратын ескi "уазы" бар. Бiрақ, оның әйелi ескi астауды алдына жайып кiр жуып отыр. Бұл әлемге аты шығып, байлығы тасыған Қазақстанның ауылдарына кiр жуатын машинаның әлi жете қоймағанын аңғартады. Ал киiз үй iшiнде Гераның арқасын әйелiне ыстыртып жуынып жатуы, ауылдықтардың қарапайым ғана моншаға әлi де зәру екенiн айтпай-ақ ұқтырып тұр.
Кездейсоқтық па, әлде әдейi түсiрген бе, фильмде ұялы телефонды қызықтаған мектеп жасындағы балалар мен поштадан зейнетақысын алатын зейнеткерлер ғана көрiнедi. Ал жастар мүлде жоқ. Көшеде ойнап-күлiп немесе қыбырлап тiршiлiк еткен жан байқалмайды. Бiр көрiнiп қалған жалғыз бақташының өзi де қызу. Ал қаладан келген жастардың ауылға аялдайтын ойлары да, ниеттерi де жоқ (Ауыл жақсы болса, әке-шешелерiн жалғыз тастап, қалаға несiне сандалсын?!).
Мiне, Гера, Қалтай, Сатыбалды үшеуi көршi өзбек ауылына бармақ. Кемпiр iздеп, әрине. Бiрақ, шекарашылар оларды көпiрден өткiзбейдi. Себебi, құжаттары жоқ. Оған қарайтын шалдар ма?! Өзендi белшесiнен кешiп, шекарадан өтiп барады... Ендi осы көрiнiстi ойдан шығарған деп көрiңiзшi?!
Жол жиегiнде газ құбыры тартылып тұрса да, Қалтай мен оның көршiсi ағаш жаңқалап, түтiнге бықсып отыр. Парадокс! Көркем кинодан ауылдың шынайы бейнесi көрiнедi. "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын лупамен қарасаң да, мұндай тiрi бейненi таппассың! Ал мұнда бәрi жанды, бәрi рас. Тiптi, Қалтайдың қаладағы баласының қолына барғысы келмеуi де (қаладағы қазақтар қай бiр жетiсiп жүр?!) - өмiрден ойып алынған дерек.
Айтпақшы, осы киноның алғашқы көрсетiлiмiне президент Н.Назарбаевтың өзi келiп қатысты. Президент ауылдың қоңырқай, жүдеу тiрлiгiн көргенде қатты толқыды ма, кiм бiлсiн, кино бiткенде көпшiлiкке пiкiрiн бiлдiрместен, кетiп қалды ("Көшпендiлердi" көргенде ойын айтып едi). "Кешiккен махаббаттың" сценарийiн жазған автордың бiрi Сергей Әзiмов "бұл туындыны түсiруге бар-жоғы бiр жарым миллион доллар ғана жұмсалды" - дедi журналистерге. Басты демеушi - Қазақстан байлығының жартысын жамбасына басып жатқан миллиардер Патох Шодиев. Жалпы, П.Шодиев, А.Машкевич, В.Ким, Т.Құлыбаев секiлдi шiрiген байлардың миллиардтаған долларының мыңнан бiр бөлiгiн ғана қазақ киносына жұмсасақ, шетелдiң түрлi жұлдыздары өзiмiздiң Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов секiлдi талантты актерлерiмiздiң қолдарына су құя алмай қалады екен-ау деген ой келдi бiзге...
Түпнұсқадағы тақырып: «Жерар Депардье Н.Назарбаевқа қазақ ауылын ақыры көрсеттi-ау...»
«Жас Алаш» газеті