Жұма, 29 Наурыз 2024
2914 0 пікір 9 Қараша, 2017 сағат 08:38

Түркіменстанда VISA төлем карталарының иелеріне жаңа шектеулер енгізді

Түркіменстан банктері халықаралық VISA төлем жүйесінің пластик карта иелеріне жаңа шектеулер енгізді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін банктерге баруға тыйым салынады. Ал елде банк кассалары тек 9:30-дан 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Банктар VISA картасына ақша салуға келген адамдардан жұмыстан арнайы анықтама талап етіп жатыр. Онда жұмыстан сұранып кеткендігі нақтылану керек екен. Бұл құжаты жоқтарға картасына ақша салуға рұқсат берілмейді.

Ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері болса, мұндай анықтама қағаз алудың оңайға түспей жатқанын айтады. Себебі, құжатта кемінде екі жетекшінің қолы болу керек екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616