Бейсенбі, 30 Қазан 2025
4088 0 пікір 9 Қараша, 2017 сағат 08:40

Эмомали Рахмон мен Жавад Зариф "басым мәселелерді" талқылаған

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон еліне сапарлап келген Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифті қабылдады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында Тәжікстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды. Осыған дейін келісімге қол жеткізілген сауда, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларын дамыту секілді басым мәселелер талқыланды", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Эмомали Рахмон мен Жавад Зариф сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу қажеттігін атап өткен.

Мохаммад Жавад Зариф Тәжікстанға 8 қарашада таңертең келген. Иранның СІМ басшысымен бірге су ресурстары және энергетика министрі Реза Ардаканиян еріп келген.

Бұл Иранның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірнеше жылдардан бері Тәжікстанға бірінші сапары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1233
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10771