Сенбі, 23 Қараша 2024
3333 0 пікір 9 Қараша, 2017 сағат 08:42

Сот Алексей Навальныйдың Владимир Путинге шағымын қарамады

Мәскеудің Тверск соты оппозиционер Алексей Навальныйдың Ресей президенті Владимир Путинге қарсы шағымын қарамады. Бұл жөнінде Коррупциямен күрес қорының заңгері Иван Жданов Фейсбук арқыры хабарлады.

Сот шешімін Навальныйдың әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін қарауға құқығы жоқ екенімен және арыз берушінің бостандық мәселелері қозғалмаған деп түсіндірген.

Өткен аптада Мәскеу соты Навальныйдың Путинге қарсы шағымын тіркеген. Шағымда Кремльдің нұсқауымен аймақтағы билік өкілдері оппозиция лидеріне митинг өткізуге рұқсат бермей жатқандығы айтылған. Навальный соттан мемлекет басшысының іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған.

Кремль оппозиционердің айыптауына байланысты Ресей президенті акцияларға рұқсат берумен не тыйым салумен айналыспайды деп жауап берген.

Алексей Навальный 2018 жылғы президент сайлауына қатысатынын айтып, аймақтарда үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп жүр. Ресейдің көптеген қалаларында саясаткерге митинг-кездесулер өткізуге тыйым салып жатыр. Навальный штабының еріктілері мен қызметкерлері билік тарапынан түрлі қысымдар көріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377