Франция соты Бакудің француз журналистеріне шағымын кері қайтарды
Франция соты Әзербайжан үкіметінің екі француз журналисіне қарсы шағымын қайтарып тастады. Баку журналистерді "жала жапты" деп айыптайды. Айыпталушылар мен сөз бостандығын қорғаушы белсенділер шағымды Әзербайжанның "цензураны шетелдерге таңу әрекеті" деп бағалайды.
Баку хабар жүргізуші журналистер Элиз Люсе мен Лоран Ришарды екі жыл бұрын шыққан материалдарында жала жабатын ақпарат таратты деп айыптайды. Ол материалдарда сол кездегі Франция президенті Франсуа Олландтың Әзербайжанға сапарынан хабар таратқан журналистер бұл елді "диктатура" деп атаған.
Француз соты шетел үкіметінің журналистерге қарсы шағымын бірінші рет қарап отыр. "Баспасөз туралы заң саяси цензураны болдырмау үшін қабылданған" делінген Париж түбіндегі Нантер қалалық соты судьясының қаулысында.
Олландтың Әзербайжанға сапары туралы зерттеу бағдарламасын таныстырған Элиз Люсе 2015 жылы қыркүйекте France 2 телеарнасының эфирінде Әзербайжанды "әлемдегі ең қатал диктатураның бірі" деп сипаттаған. Ал Лоран Ришар France Info радиосында сұхбат түріндегі хабарында Әзербайжанды "диктатура" деп атаған. Ришар мен оның операторы 2014 жылы мамырда Бакуде іссапарда жүргенінде ұсталып, аз уақыттан соң босатылған. Ол кезде техникалық құралдарын тартып алған.
Abai.kz