Қаржы полициясы ШҚО ТМРАД бастығының орынбасарын пара алды деген күдікпен ұстады
Өскемен. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің қызметкерлері (ЭҚСЖД қаржы полициясы) ШҚО табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті бастығының орынбасарын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы ШҚО ЭҚСЖД бастығы Мұратбек Қазыбаев мәлім етті.
«Кеше біз ТМРАД бастығының орынбасарын Т450 мың пара алғаны үшін тұтқындадық. Агенттікке бір кәсіпкер келіп, ЖЖҚС қызметіне лицензия беру үшін одан Т600 мың пара талап еткенін айтып, шағымданған. Біз оперативті жұмыс өткіздік. Бастықтың орынбасары қылмыс үстінде ұсталды», - деді М. Қазыбаев жұма күні брифингте.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан салық басқармасының бастығы ұсталды, оған қарсы қызмет бабын пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны үшін 307 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қаржы полициясының мәліметтеріне сәйкес, салық басқармасының бастығы Ресейде тұратын адамның атына фирманы тіркеуге көмектескен, кейін осы кәсіпорын арқылы Т700 млнақша өткенде, фирманы салық салудан жалтарту үшін қызмет бабын пайдаланған.
Тергеу аяқталып, істер сотқа берілгенше ұсталған шенеуніктердің есімдері аталмай отыр.