Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1692 0 пікір 10 Желтоқсан, 2010 сағат 09:45

Сенат бұрынғы мемлекеттік қызметкерлердің жеке меншік компанияларға жұмысқа тұруын шектейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ– АйгүлТүлекбаева. Парламент сенаты жұма күні пленарлық отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес, мемлекеттік қызметкер қызметін тексеру түрінде қызметіне тікелей бақылау жүргізген, немесе ұйымның қызметі оның құзырына сәйкес осы тұлғамен байланысты болса, қызметін тоқтатқаннан кейін 1 жылдың ішінде бұл коммерциялық ұйымға  жұмыс тұруға тыйым салынған.

Заң жобасына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға «мүдделер қақтығысы» анықтамасы енгізіледі. Бұл – мемлекеттік қызметкердің жеке қызығушылығы мен оның өзінің қызметтік өкілеттіктерін тиісті орындауы арасында қайшылық туындайтын жағдай.

Мүдделер қақтығысын реттеу үшін мемлекеттік қызмет туралы заңға жаңа бап енгізіледі, оған сәйкес, мемлекеттік қызметкер өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Мүдделер қақтығысы туралы осы немесе басқа ақпарат алған басшылық тиісті шаралар қабылдауға тиіс.

Басшылық мемлекеттік қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауды басқа тұлғаға тапсыра алады, мемлекеттік қызметкердің қызметтік міндеттерін өзгерте алады, мемлекеттік қызметкерді оның келісімімен басқа қызметке ауыстыра алады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524