Курсқа қатысып, тіл үйретудің тиімді әдістерін меңгеріңіз!
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілі пәнінің оқытушыларына арналған «Мемлекеттік тілді үйретудегі тәжірибе және инновация» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курста қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту, әдістеме мәселелері талқыланады:
- Мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері;
- Сабақты ұйымдастыру және мемлекеттік стандарт, бағдарламалар бойынша талдау;
- Тіл үйрету тәжірибесі;
- Латын графикасындағы әліпбиге көшудің әдістемелік алғышарттары;
- Тіл үйретудегі сауаттылық және шеберлік мәселелері.
Курсты тәжірибелі сала мамандары жүргізеді.
Курс – ақылы.
Уақыты: 6-8 желтоқсан, 2017 жыл.
Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А
Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7707 518 10 18, +7747 501 31 91
Email: dana.zhanabek@mail.ru
Курсқа қатысып, тіл үйретудің тиімді әрі жаңа әдістерін меңгеріңіз. Мамандармен тәжірибе алмасып, біліктілігіңізді арттырыңыз!
Abai.kz