Ермек Қарабала. Мәскеуде «орыс желтоқсаны» басталып кете жаздады
Бүгін, 2010 жылдың 11 желтоқсан күні Ресей астанасы Мәскеу қаласының қақ ортасында дәл Кремльдің түбінде орыстың шовинистік күштері мен құқық қорғау органдары арасындағы бұрын-соңды болмаған қақтығыстар орын алды. Орыс жастары кейбір деректер бойынша қала көшелеріне он мыңдай адам шығарып, Ресей мен Мәскеу қаласының басшыларының үрейін ұшырды. Дәл осы кезде Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесінің жиналысын өткізіп, құқық қорғау саласына қатысты арнайы жарлыққа қол қойды деп жатыр тәуелсіз ақпарат көздері.
Орыс ұлтшылдарының бас көтеруіне себеп - осыған дейін «Спартак» футбол клубының жанкүйерлері мен кавказдықтардың арасында болған төбелесте Егор Свиридов деген жігіттің өлімі. Интернет пен ақпараттық технологияларды ұтымды пайдаланған «орыс желтоқсанының» көлеңкелі басшылары осындай наразылық акцияларын Санкт-Петербургте де ұйымдастыра білді.

Қақтығыстардың нәтижесі бойынша екі астанада полиция жүзге жуық «тентектер мен бұзақыларды» тұтқындады. Полициядан қашқан орыс жастары көше-көшедегі орыс еместердің барлығын соққыға жығып, ойына келгендерін істеді. Қанды қырғын Мәскеу метросында да жалғасты дейді көзбен көргендер. Интернеттегі блогшылар орыс жастары өзге ұлт өкілдерін тоқтатып, қошап, тепкілеп, бастарына секіріп, кейбіреулерін көпірден лақтырып жатты деп жазып жатыр. Нобайы ауруханаларға ресми деректер бойынша әртүрлі жарақат алған жүздеген азаматтар ауруханалрға түсіпті.