Өркен Кенжебек. Облыстар олимпиадасы

Қазақстанның әкімшілік картасында 14 облыс пен республикалық маңыздағы 2 қаланың бар екені ешкімге таңсық емес. Апыр-ау, республикалық маңыздағы Байқоңыр қаласы бар еді... Бары бар ғой, бірақ оның көлемі 57 шаршы шақырымындағы 60 мың ағайынның ахуалы жайында ақпарат жоқ. Ондағы бауырлар өлі ме, тірі ме, қаншасы қазақтанып, я орыстанып кетті, - тіске басар түк таппайсыз. Сондықтан, барымызды базарлап, дұрысы «Аналитикалық ресурстар студиясы» ұсынған деректерді ұяла-ұяла қорытып көрмекпіз. Ұялатын себебіміз, «облыстар олимпиадасында» орын алған үздіктер мен аутсайдерлердің арасы жер мен көктей. Әрине, «бес саусақ бірдей емес». Әрине, біз де барлық параметрлер бойынша фактілерді тізіп-тізіп, толыққанды сараптама жүргізуді қызық көрмедік. Қызықты қайбір экономикалық қисаптардан таптық. Тарқатып көрейік.
Нарық заманында нанға май жағып жеудің мехнатын білетін ағайынға басты ақпар, шамасы орташа айлық мөлшері шығар. Қай аймақта айлық жоғары болса, оның әлеуеті де күшті деген талассыз теорема бар.
1-кесте. Қазақстандағы орташа айлық көрсеткіші