Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2145 0 пікір 13 Желтоқсан, 2010 сағат 07:11

Еуропаның РNЕ компаниясы 10 жылда Қазақстанда шағын ГЭС-тердің құрылысына 1 млрд еуро инвестициялайды

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Еуропаның Pure Nature Energy GmbH (РNЕ) компаниясы 10 жылда Қазақстанда қуаты 5 - 60 мВт шағын гидроэлектрстанциялардың (ГЭС) құрылысына 1 млрд еуро инвестициялайды, деп хабарлайды индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) баспасөз қызметі.

«Қазақстан нарығында бірқатар неміс компанияларының мүдделерін танытушы еуропалық Pure Nature Energy GmbH (PNE) компаниясы мемлекетте гидроэнергетикалық кластерді дамытпақшы. Аталған бастама аясында PNE 10 жыл ішінде қуаттылығы 5-н 60мВт шағын гидроэлектрстанциялрдың құрылысына және гидростанцияларға арналған бөлшектер жасауға 1 млрд. евро инвестициялауды жоспарлауда», - делінген дүйсенбі күні ИЖТМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Баспасөз қызметі еуропалық инвесторлар менеджмент, техникалық қызмет көрсету және кадрлар дайындау мәселесін өз мойнына алуға дайын екенін хабарлайды.

«Қазақстан өзендерін зерттеуге 5 жылдан астам уақыт жіберген неміс компанияларының бағалауынша, еліміздің гидроэнергетикалық әлеуеті 4 гВт-қа жетеді, олардың ойынша бұл Қазақстанға электр энергиясын импорттаушы елден ірі экспорттаушыға айналып, энергия ресурстарын дәстүрлі экспорттаушы елдер- Қырғызстан мен Өзбекстанға  жеткізуге мүмкіндік беретін еді», - делінген ақпаратта.

ИЖТМ мәліметінше, РNЕ инвестициялары Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында шағын электр станцияларын салуға бағытталмақ.

PNE - гидроэлектрстанциялар мен биогаз құрылғыларын салу және қолдану саласындағы Еуропа нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компанияның негізгі мақсаты болып тапсырыс берушінің индивидуалды талаптары мен жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып, энергетика саласындағы ұзақ мерзімді, экономикалық нәтижелі және экологиялық қауіпсіз жобаларды іске асыру табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550