Сенбі, 23 Қараша 2024
Жөн-ақ 6562 2 пікір 21 Қараша, 2017 сағат 11:32

Іске сәт, Қуат!

 

"Егемен Қазақстан" газетінің Бас редакторы Куат  Бораш мырза Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Шығармашылық ортада ақындығымен де белгілі болған әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз. Қуатты құттықтауышлардың бір парасы қазір әлеуметтік желілерде сөз алып жатыр. Соның бірі жазушы Нұржан Қуантай былай деп жазды:

"Осы орынға кім барар екен деп жүр едім. Соңғы жылдары аты дардай болғанымен аталған комитет елеусіз мекемеге айналып еді. Комитетте жанын сала қызмет ететін бірер азаматтан өзге Тілмен шұғылданатын адам қалмады. Сәл ертеректегі С.Оразалин, Е.Шәймерден, тіпті, кешегі Ш.Құрманбайұлы кезінде де Тіл комитетінің жұмысы ерекше еді. Енді қуаты мол Қуат бауырым Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жұмысын бір жөнге салар деп ойлаймын. Бұл мекеме ашық жұмыс істеуге тиіс. Ал жұмыс болса көп, өте көп. Қазір мемлекеттік мекемелерде тіл бөлімшелері жоқ. Құжат аралас дайындалады. Тіпті, орысшасы басым. Өйткені басшылар негізінен орыстілді. Сондықтан болар мемлекеттік мекемелерде тек орысша сөйлейтіндер көбейді. Кезінде мемлекеттік қызметке екі тілді бірдей білетіндерді қабылдау туралы құжат әзірлене бастап еді, шу етіп көзін құрттық. Осы күндері міне, латын әрпіне көшіп жатырмыз. Талап күшеюге тиіс. Мемлекеттік мекемелерді тексеру керек. Мемлекеттік тілде құжат әзірлеуді талап ету керек. Бұрын солай болатын. Қазір ол талаптан талап кетті. Бір үміт өзіңде, Қуат. Жұмыс істетпеуге тырысады, әрине. Бірақ ұлттық мүдде алда тұруға тиіс. Жолың болсын! Біз секілді қарт сарбаздардан көмек керек болса, әзірміз. Ал біздің қатарымыз көп. Сенің қолыңнан бәрі келеді, заң шеңберінен шықпай-ақ үлкен іс тындыруға болады. Сәттілік жолдас болсын!"

Бұл тілікке алып-қосарымыз жоқ. Іске сәт, Қуат!

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417