Түркіменстанда жетістіктерді дәріптеуге арналған жаңа журнал ашылады
Түркіменстанда ұлттық реформалардың мақсаттарын түсіндіруге арналған жаңа журнал жарық көреді. Оны елдің қаржы министрлігі шығарады.
Жаңа басылым шығару туралы ұсыныс 17 қарашадағы үкімет отырысында айтылды. Бұл жиналыста ел президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов әлеуметтік-экономиғалық жетістіктерді насихаттау қажеттігін атап өткен.
Жергілікті бақылаушылар "жетістіктерді" насихаттау ұлттық баспасөздің басты жұмысы екенін айтып отыр. Ресми баспасөзге жазылуды тұрғындарға міндеттеп отыр. Жергілікті газеттер мен журналдарға жарты жылға жазылу бағасы 70-130 манат (20-37 доллар) тұрады.
Түркіменстандағы ақпарат құралдары жетістіктер туралы ғана жазып жүргеніне қарамастан, ел президенті ұлттық медиа жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеген.
Түркіменстанда 37 газет және 27 журнал бар, "Рысгал" басылымынан басқаларының барлығы мемлекеттік саналады.
Abai.kz