Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3042 0 пікір 13 Желтоқсан, 2010 сағат 11:51

Қымбат Қалауова. Алматыда қанша шіркеу бар?

Кеше ғана ақпарат агенттіктері Алматы қаласында жаңадан салынып жатқан Крестовознесен шіркеуінің құрылысында бір құрылысшы 12 метр биіктіктен құлап, мерт болды деген ақпаратты таратты. Амалсыз «Ойпырмай, жылдан жылға орыстардың саны азайып келе жатқанда, орыстардың шіркеу салғаны несі?» деп ойланып қалдым.

Мысалы, жақында ғана жарияланған 2009 жылғы санақтың ресми деректері бойынша Алматы қаласындағы орыстардың саны 452947 адам немесе қала тұрғындарының 33,2 пайызын құрайды екен. Сол санақ бойынша Алматыдағы христиандардың саны (католигын, протестантын қосқанда) осы 33 пайыздан аспайтын көрінеді.

Алматы қалалық әкімдігінің веб-сайтындағы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда «Алматы қаласында 266 діни бірлестік жұмыс жүргізеді. Оның 204-і Алматы қаласы Әділет Департаментінде заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, ал қалған 62 діни бірлестік республикалық статусы бойынша Әділет Министрлігінде тіркелген. 204 діни бірлестіктің 20%-ы ислам, 5%-ы православ, 0,7%-ы католиктік, 68%-ы протестанттар, 0,7%-ы буддистік, 1,9%-ы иудаистік діни бағытта, 3 %-ы дәстүрлі емес діни ағымдарға, 0,7%-ы қайырымдылық қорларға тиесілі. Жалпы, Алматы қаласында тіркелген діни бірлестіктердің 181-і заңды тұлға, 23-і филиал ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Алматы қаласында 97 діни нысан қызмет жасауда және 8 діни оқу орны бар. 2009 жылдың 3 тоқсанына сай Алматы қаласында миссионерлік қызметпен айналысып жүрген 80 шет ел азаматы тіркелген.

Орыс православ шіркеуінің Астана және Алматы митрополиясының сайтындағы ақпарат бойынша Алматы қаласының шеңберінде 13 шіркеу, 1 ерлер монастыры, 1 әйелдер монастыры және 1 часовня орналасқан (толық деректер мына жерде http://orthodox.kz). Шіркеулердің басым көпшілігі 1996-2008 жылдары қатарға еніпті. Бұған Алматының төңірегіндегі шіркеулер мен ғибадатханаларды қосатын болсақ олардың саны жүзден еркін асып түседі екен. Орыстар жылына 1-1,5 пайызға азайып келе жатса, олардың шіркеулерінің саны жыл сайын артып келеді! Парадокс! Осыдан 10-15 жылдан кейін шіркеулеріне кім барады деп ойлап жүр екен кирилдер мен александрлер?

Оларды қойшы, Алматыдағы протестант шіркеулерінің нақты санын таба алмай қойдық. Аннан-мыннан өте шыққанда байқап қалсақ та, қанша, қайда деген нақты деректер жоқ. Ал бұларың бүкіл діни бірлестіктердің 68 пайызын құрайды! Сұмдық емес пе?

Осы орайда айта кету керек, http://www.azan.kz/ru/meshs.html сайтының хабарына сенсек, Алматы қаласының шеңберінде ресми түрде 31 мешіт қызмет етеді. Күн сайын өсіп келе жатқан мұсылман қауымы жұма намаз күндері бұлардың іштеріне сыймай кететінін көріп жүрміз....

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552