Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1900 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 05:38

Cиноптиктер Қазақстанның батысында қар жауып, тұман түседі; қалған территорияда жауын-шашынсыз болады деп отыр – Қазгидромет

Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағындағы ауа райына сібірлік суық антициклон өз ықпалын сақтайды. Республиканың батысында атмосфералық ағымның өтуімен қар жауып, тұман түседі, көктайғақтанады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағындағы ауа райына сібірлік суық антициклон өз ықпалын сақтайды. Республиканың батысында атмосфералық ағымның өтуімен қар жауып, тұман түседі, көктайғақтанады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, сейсенбі күні Маңғыстау облысында жауын-шашындатып, кей жерлерде тұман түсіп, ауа температурасы +6+11 болады. Ақтөбе облысында аздап жауын-шашындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлеріне тұман түсіп, ауа температурасы +2-3 болады. Батыс Қазақстан облысында да жауын-шашын, көктайғақ, ауа температурасы 0+5 градус,  Атырау облысында да жауын-шашын, ауа температурасы 0,+5 градус болады деп күтілуде. Ақмола облысында жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы 0,-5 градус, Қостанай облысында да жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы 0,-5, Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы -5,-10 градус, Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы 0,-5 градус, Павлодар облысында да жауын-шашынсыз, ауа температурасы -8-13 градус, Шығыс Қазақстан облысында -8-13 градус болады деп күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-батыстан 20-25 м/с жел тұрады, екіпін 30 м/с-тан асады, ауа температурасы +3-2 градус. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы +14+19 градус болады, Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, ауа темпераутрасы +5+10 градус болады.

Метеоқызметтің болжамынша, Астанада сейсенбі күні ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз 0°,-2°С.

Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с самал соғады, түнде ауа температурасы -8°-10°С, күндіз шамамен 0°С болады.

Жақын күндері Қазақстанның өзен көлдерінде мұз қату үдерісі жалғасады, жекелеген өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560