Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 09:40

БЕ-БҚ автодәлізі үшін Жамбыл облысының карьерларынан тас алу меншікті рәсімдеу мәселелеріне байланысты кейінге қалдырылды

Тараз. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Құрылысы жүріп жатқан Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық автодәлізінің мердігерлері Жамбыл облысында карьерларды заң жүзінде рәсімдеумен қиындықтарға тап болып отыр, бұл құрылыс жұмыстарының барысына әсерін тигізуде. Бұл туралы сейсенбі күні ҚР көлік және коммуникация министрлігінің автокөлік жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті хабарлады.

«Биыл маусым айында шыққан жер қойнауын пайдалану туралы жаңа заңның заң күшіндегі актілері әзірге жоқ. Осыған байланысты карьерларды рәсімдеу (меншікке - ҚазТАГ) толығымен тоқтатылды», - деп мәлім етті автожолдар басқармасының директоры Ұлан Әліпов.

Облыстық департамент мәселені шешіп беруді сұрап, бірнеше рет көлік және коммуникация министрлігіне хабарласқан, алайда мәселе шешілмеген күйі қалып отыр.

«Бір амалын табуға тырысқан мердігерлер әзірге инертті құрылыс материалдарын рәсімделген құжаттары бар карьерлардың жергілікті меншік иелерінен сатып алуға мәжбүр», - деді Ұ. Әліпов.

Бұрын хабарланғандай, Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінің құрылысына Жамбыл облысында 4 мердігерлік ұйым - «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС, «Қазақжолқұрылыс» ЖШС, «KCCE&C/Жамбылжолқұрылыс» БК, «К - Дорстрой» ЖШС қатысуда. Жамбылдық учаскенің жалпы ұзындығы 495,3 шақырымды құрайды. ҚҰрылыс жұмыстарына 9,8 мың адам мен 1,5мың техника тартылып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552