Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2349 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 09:47

Мұхтар Шерім. Қолыңыздан сүйейінші...

Құдай қос қолдап тұрып, ішімнен ыңқ еткізе ұрып, "Құдайын ұмытпасын!" деді ғой деймін, әжептеуір ауданның әжептеуір әкімі едім,қызметім құдық­қа құлағандай, айлығым жас бала бірдеңе сұрағандай, монополияға қарсы дейді ме, сондай бір департаменттің бастығы,қысқасы, облыс әкімінің "жастығы" болып шыға келдім. Бір түні түсімде ақ сақалы бұйраланған, кір-кір ша­шы ұйпаланған, аяғы талтақ, өзі қалтақ, бойы талпақ, бір шал бетіме сиыр­дың кеппеген тезегін жағып, мұрнымның ішіне қос саусағын тығып тұрып былай деді: "О, о, жексұрыным менің! Қызметім, карьерам өссін, дұшпандарым өшсін десең, премьер министрдің, сосын президенттің қолынан сүй! Бірақ олар жағымпаздарды жақтыра қояр ма екен, ол жағын білмедім!" Ойбайлап жатып, оянып кеттім. Әйелім: "Шетел сериалдарында күйеулері әйелдерінің қолдары­нан  сүйіп жатады, сен де сүйші, мен оң аяғымды сәл-пәл көтеріп тұрайын!"-дейді. "Аяғыңды аспанға асып қойсаң да сүймеймін!"-- дедім жыным келіп. Со­дан ал келіп ойланайын. Бір жазушылар жарамсақтанып, патшаның қолынан сүйіп, енді бірі оны пайғамбарға теңеп өлең арнап жатыр. Бірақ президент елең етпейді, Не істесем екен? Астанаға тартып кеттім. Премьер министр құрылыс нысандарын аралап жүр екен,қуанғанымнан ернімді жалап-жалап алдым, жалтақтап, жан-жағыма қарап алдым. Аштан өлетін адам сияқтымын. Премьер тобына жақындай беріп едім, оққағарлары лақтырып тастады.

Құдай қос қолдап тұрып, ішімнен ыңқ еткізе ұрып, "Құдайын ұмытпасын!" деді ғой деймін, әжептеуір ауданның әжептеуір әкімі едім,қызметім құдық­қа құлағандай, айлығым жас бала бірдеңе сұрағандай, монополияға қарсы дейді ме, сондай бір департаменттің бастығы,қысқасы, облыс әкімінің "жастығы" болып шыға келдім. Бір түні түсімде ақ сақалы бұйраланған, кір-кір ша­шы ұйпаланған, аяғы талтақ, өзі қалтақ, бойы талпақ, бір шал бетіме сиыр­дың кеппеген тезегін жағып, мұрнымның ішіне қос саусағын тығып тұрып былай деді: "О, о, жексұрыным менің! Қызметім, карьерам өссін, дұшпандарым өшсін десең, премьер министрдің, сосын президенттің қолынан сүй! Бірақ олар жағымпаздарды жақтыра қояр ма екен, ол жағын білмедім!" Ойбайлап жатып, оянып кеттім. Әйелім: "Шетел сериалдарында күйеулері әйелдерінің қолдары­нан  сүйіп жатады, сен де сүйші, мен оң аяғымды сәл-пәл көтеріп тұрайын!"-дейді. "Аяғыңды аспанға асып қойсаң да сүймеймін!"-- дедім жыным келіп. Со­дан ал келіп ойланайын. Бір жазушылар жарамсақтанып, патшаның қолынан сүйіп, енді бірі оны пайғамбарға теңеп өлең арнап жатыр. Бірақ президент елең етпейді, Не істесем екен? Астанаға тартып кеттім. Премьер министр құрылыс нысандарын аралап жүр екен,қуанғанымнан ернімді жалап-жалап алдым, жалтақтап, жан-жағыма қарап алдым. Аштан өлетін адам сияқтымын. Премьер тобына жақындай беріп едім, оққағарлары лақтырып тастады. Орнымнан оңбай тұрып, құрылыстың екінші жағын айналып өтіп, екінші қабаттағы бір құрылысшының басына тақтаймен салып қалып, тал­дыр­ып құлаттым да, кешірім сұрай жүріп, киімдерін киіп алдым.

Сөйтіп, өзге құрылысшылармен бірге жүргенімде, премьер министр нөкер­лерімен жетті.

--Жағдайларыңыз қалай?--деп сұрады министр.

--Майға піскен нандай!-дедім мен.

Қала әкімі ыржиып қалды.

--Еңбекақыларың өсті ме?

--Өшті. Қытайлықтардан кем аламыз, Қиын жұмыстарды біз істеп, аз ғана демаламыз...--дедім мен. Әкімнің бетінде тайфун дауылы тұрғандай. Мені құдай тағы да ұрғандай...  Содан жүгіріп барып, премьер министрдің қолын алып, енді сүйе бергенімде, екі күзетші жігіт көтеріп алып, дырылдата сүйреп, полицияның машинасына тоғытты. Содан дәрігерлер келіп, ернімнің терісін ойбайлата сыпырып алып, "у жағып алған жоқ па?" деген күдікпен лабароторияда тексерді. Дәрігерлердің бір шариктері кем-ей, ерніме у жағып алсам, алдымен өзім өліп кетпеймін бе? Содан тергеуші:" Неге қолынан сүй­гіңіз келді? Кім жұмсады? Оппо-зиционерсіз бе?" деп миымды жалап-жұқтап қойды. Тергеушінің де қолынан сүйгім келіп, ұмтылдым. "Еркек еркектің қолынан сүюші ме еді?" деп жолатпады. "Жазушылар сүйе береді..." деп мен де қалыспаймын.

Әрең құтылдым. "Екі жыл еркектің қолынан сүю құқынан айырылды" деген сот шешімі де шықты. Демократия қайда? Кімнің қолынан, тіпті аяғынан сүйемін, өз еркім емес пе? Жүр ғой бір ақын жер басып, патшаны "Жер бетінде жаралған тұңғыш қазақ" деп мадақтап. Тіпті бірі Мұхаммед пайғамбарымызға теңеп... Жоқ, мен олардан кем емеспін! Қалайда,  президенттің қолынан сүюім  керек! Түсіме қайыршы шал бекер кірген жоқ! Мені көзіне бекер ілген жоқ...

Әуелі жаттығудан бастадым. Көшеде келе жатып, бір еркек көрсем:

--Сәлеметсіз бе? Рұхсат па?--деймін.

--Немене, рұхсат па?

--Қолыңызды жуып па едіңіз?

--Ал, жуғанмын.

--Сабындап?

--Сізге не керек өзі?

--Қолыңыздан сүйейін деп едім...-деп тұра ұмтылып едім, ол тұра қашты. Қуалап жүріп, қолынан сүйгенім бар болсын, "Маньяк!" деп тұмсығыма періп кеп жібергені... Енді өзім тұра қаштым. Содан, шенеуніктердің қолдарынан сүйсем, олардың жаны кіріп барады. "Ілти­пат­­ыңызға рахмет! Тәубеңізге енді түсіпсіз... Тағы сүйіңізші..." деп қиы­лып тұрып алатындары, "бұрынғы  әкім жынданып кетіпті , көрінген еркектің қолынан сүйе береді!" деп сыртымнан ұрып алатындары да болды.  Пат­шаның маңына жолай алмайтын шығармын? Бір рет Алматы облысын аралауға келгенде, мен де тұра жүгіргенмін, бірақ полицейлер мені көргеннен:"Қол сүй­гіш көкеміз келе жатыр!" деп мазақтап күліп, бәрі қолдарын ұсынды. "Менің қолымды сүйіңізші, менің қолымды!" деп таласа кетті. "Халықтан қырнап же­ген, керек болса, тырнап жеген қолдарыңнан сүймеймін!" дедім де, таба­ным­ды жалтыраттым. Мазақ етеді адамды. Бұл қазақ бір-бірін мазақтаудың хас шебері ғой!  Патшаның қолына қолым жете қоймасын сездім де, көшеде қолын созып тұрған үлке-ен плакат суреттің қасына келдім. Патшаның суреті. Балалардың ортасында тұр. Суретке қарап тұрып, ернімді қалай жалап алғанымды сезбей де қалдым. Миыма бір ой келді. Оң иығымдағы періштем:"Қызметбай Қуғанбаев! Бұл тірлігіңді қой!" деді. Сол иығымдағы періштем:"Өмірде іш, же,тыш,сосын өлгенше той!" деді. Не керек, патшаның биікте тұрған суретіне өрмеледім, өрмелеп келемін, енді жетіп, қолынан енді сүйе бергенімде, біреу балағымнан тартып қалды. Әкім­діктен босағалы, қарным да босап қалып еді, шалбарым шешіле кетті, масқара,төменде ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тұр. Трусиімді бір тартып қойып, төмен түстім. Бірінің қолынан енді сүйгім келген, қолыма кісен салды. Е, мырзалар, сөйтіп, "патшаның қолынан сүйсем!" деген арманым адыра қал­ды...

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547