Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2228 0 пікір 15 Желтоқсан, 2010 сағат 05:15

Қазақстанның ауа райына сібірдің суық антициклоны ықпалын сақтайды – Қазгидромет

Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның көптеген облыстарына сібірдің салқын антициклон тармағы өз әсерін сақтайды. Республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның өтуімен жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысында жауын-шашын, кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +7+12°С, Ақтөбе облысында аздаған жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ, ауа температурасы -2+3 градус. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, 15-20 м/с болып, жауын-шашындатып, ауа температурасы +11+16°С болады. Қызылорда облысында жауын-шашындатып, ауа температурасы +2+7°С, Қостанай облысында қар жауады, ауа температурасы -3-8°С болады.

Қарағанды облысында ашық, жел күшейіп, 15-20 м/с болады, ауа температурасы -1-6°С, Шығыс Қазақстан облысында суырма соғады, жел 15-20 м/с, ауа температурасы -10-15°С, Солтүстік Қазақстан облысында ашық, ауа температурасы -3-8°С, Ақмола облысында күн ашық, ауа температурасы 0,-5°С. Павлодар облысында да күн ашық, ауа температурасы -10-15°С. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күн ашық, ауа температурасы -2+5°С, Жамбыл облысында күн ашық, ауа температурасы +8+13°С.

Метеоқызметтің мәліметтерінше, Астанада ала бұлтты, шығыстан 9-14 м/с жел соғып, ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0,-2°С болды.

Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с самал соғады, ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +5+7°С.

Жақын күндері Қазақстанның көптеген өзен көлдерінде мұз қату үдерісі жалғаса береді. Қайраққұм су қоймасынан жіберілген су көлемінің азаюы себепті Сырдариямен Шардараға құйылатын су көлемі де азайады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550