Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1903 0 пікір 15 Желтоқсан, 2010 сағат 09:55

Мұрат Телебеков: ««Дін – мемлекеттен бөлек» деген қате нәрсе»

ҚМДБ құрылтайы қарсаңында

Қазақстан мұсылмандарының кезекті 5-нші съезіне орай дінтанушылар мен елдегі діни мәселеге қанық азаматтарға сөз бергенімізді бұдан бұрын айтқанбыз. Соған орай, Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телебеков съезге қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

- Сіз Астанада 17-сі күні өтетін мұсылмандар съезіне қатысасыз ба?

- Жоқ. Бізге ешқандай шақыру келмеді. Сондықтан біз оған қатыспаймыз.

- Онда қандай мәселелер талқыланғанын қалайсыз?

- Қазір біздің проблемамыз өте көп. Менің ойымша, ең бірінші бас мүфтидің орнына басқа адам қою керек. Әбсаттар Дербісәлі басқарған кезеңдегі басқарма жұмысының кемшілігі шаш-етектен. Оны сынайтын адамдар да жеткілікті. Сол үшін де бас мүфтидің орнына жас, білімді адамды қойса, пайдалы болар еді. Бүгінгі таңда діни ахуал діни басқарманы кім басқаратынына тікелей байланысты ғой.

Бүгінгі күні діни қызметкерлердің арасында жемқорлық етек алып отыр. Елдің имамдарға деген сенімі жоқ. Міне, осындай мәселелер айтылу қажет. Мысалы, бізге облыстардан шағымдар жиі түседі. Әр мешіт міндетті түрде салықтың бір түрін төлейді. Бұл заңға қарама-қайшы келетін нәрсе. Осындай қылмыстар көптеп кездеседі. Осының бәрін зерттеп, анық-қанығына жетіп, керек болса, заңдарды өзгерту керек. Себебі, менің пайымдауымша, «Дін - мемлекеттен бөлек» деген қате нәрсе.

- Съезде бас мүфтидің сайлау болатыны анық. Соған лайық деп кімді айта аласыз?

- Президентімізге байланысты ғой. Ол кісі бір адамды таңдап алып, қоятын шығар. Менің естуімше, Мұхтар Құл-Мұхаммед де бас мүфти болғысы келеді екен. Астана мен Алматыдағы орталық мешіттердің бас имамдарының бірін сайлауы мүмкін. Алайда, ең әуелі жүйені өзгерту қажет.

- Рахмет.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552