Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1940 0 пікір 15 Желтоқсан, 2010 сағат 10:11

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында адамдарды қар құрсауынан құтқару бойынша 3 операция жүргізілді

Астана/Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Жедел әрекет етуші қызметтер өткен және осы тәулікте Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жолда қар құрсауында қалып қойған адамдар мен көліктерді құтқару бойынша үш операция ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Ведомствоның атап көрсетуінше, іздестіру-құтқару шаралары Таскескен-Бақты жолының 46 шақырымында жүргізілді, дүйсенбі күні сағат 21:30-да түскен ақпаратқа сәйкес, ол жерде 60 адам мен 20 техника, соның ішінде 1 автобус қар құрсауында қалып қойған.

Аймақтан ТЖМ-нің РДО-сына хабарланған мәліметтерге сәйкес, түнгі сағат 2-де «Казавтодор» РМК 7 маманы 3 техниканы пайдалана отырып, адамдарды көліктерімен бірге Мақаншы ауылына жеткізген.

Дүйсенбі күні 11.30-да Алматы облысының Алакөл ауданында тағы бір құтқару операциясы ұйымдастырылды, бұл жерде Үшарал-Достық автожолында 82-95 шақырымдар аралығында 15 адамы бар 12 ірі жүк фургоны, 1 жеңіл көлік қарға қамалып қалған, деп хабарлайды ведомство.

12 сағаттан кейін 13 адам мінген 2 ірі автофургон табылды, облыстық ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің 7 жауынгері 2 техниканың көмегімен оларды Үшарал қаласына жеткізді, деп хабарлайды ТЖМ.

Ведомствоның хабарлауынша, Үшарал-Достық жолының 105-ші шақырымында құтқару жұмыстары жалғасып жатып, бұл жерде өткен жексенбіде 5 көлікке мінген 7 адам қарға қамалып қалған болатын.

Бір тәуліктен кейін табылған адамдардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ТЖМ. «Аталған учаскеде «Қазавтодордың» ДЭУ-19 жылыту бекеті бар», – делінген ақпаратта.

Апатқа ұшырағандарды эвакуациялауға «Казавтодор», «Кеденсервис» АҚ-ның ДЭУ-19 жол техникасы, Алакөл ауданының ТЖБ және Алматы облысы ТЖД ТЖБ оперативті топтары тартылып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543