Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
5627 4 пікір 29 Қараша, 2017 сағат 08:44

Аграрлық ғылымды басқаруда адам түсінбейтін жағдайлар болып жатыр...

Бүгін мені күтпеген жерден академик Ғ.А.Қалиев мырза Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының (НАНОЦ) директорлар кеңесінің отырысына шақыртып, «Сізді ректор қызметінен алып тастау туралы» мәселені ұсынамын деп мәлімдеді.

Таңғаларлығы: заң бойынша менен алдын ала түсініктеме алынбай, не үшін осындай сұрақтың қарастырылатыны да белгісіз болды?! Мен, әрине, ақсақалға мұндай әрекеттің заңсыз екендігін түсіндірдім.

Осы жағдайдың ең күлкілісі атқарып отырған қызметіме сәйкес келмеуімнің себептерінің бірі мен және менің орынбасарым С.В.Могильный фейсбукте академик Ғ.А.Қалиевты жиі сынайды екенбіз.

Шындығында, мен үшін біздің аграрлық ғылымды басқарушылардың осындай деңгейге жеткені өкінішті?!

Өз сөзінде ақсақал: «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғалымдары бірде-бір жаңа тұқым, ғылыми технологияға қол жеткізе алмады» деп мәлімдеді.

Бұл ретте, аграрлық ғылымды басқарған 2,5 жылдың ішінде университеттің бірде бір ғылыми зертханасына келмегенін (!), біздің ғалымдармен тікелей  кездеспегенін (!) Ғ.А.Қалиев мырзаның есіне салуға тура келді. ЖОО оқытушыларынан 10 есе жоғары айлық ала отырып, университеттің дамуына еш алаңдамай қалай басқаруға болады?!

Кезінде қаншама талантты, бірақ «қауқарсыз» ғалымдар осындай түсініксіз жағдайда «жұмыстан кетті»?!

Отырыста заңды білетін, әділетті адамдар директорлар кеңесінде Ғ.А.Қалиевтің бастамасымен ұсынылған «атқарып отырған қызметіне сәйкес келмеу» сұрағын «күн тәртібіне енгізудің өзі негізсіз» деп шешті.

А.Күрішбаев

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1550
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3344
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6168