Қайта құрылымдауды күтуіне байланысты «Альянс банктың» рейтингі «D/D» - «дефолт» деңгейіне дейін түсірілді
Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ – Standard & Poor’s-тың кредиттік рейтінгі қызметі қазақстандық контрагент «Альянс банк» АҚ-ның қысқа және ұзақ мерзімдік несиелік рейтінгін «SD/SD»-дан («таңдамалы дефолт») «D/D» («дефолт») деңгейіне төмендетті. Бұл туралы рейтингтік агенттіктің жұма күні таратқан хабарында айтылыпты.
«Бұл рейтингтік әрекет 2009 жылы 29 мамырда банк өзінің қарыздарын қайта құрылымдайтынын жариялағанына байланысты болды. Біз, күтіліп отырған қайта құрылымдауды мәжбүрлі дисстрестік ұсыныс деп бағалаймыз(distressed exchange offer)», - деген Standard & Poor’s-тың несиелік сарапшысы Екатерина Трофимованың сөзі келтіріледі.
Атап өтілгендей, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі (ҚҚА) «Альянс банкке» кредитерлармен үйлестіруге боларлық қайта құрылымдау мен қайта капиталдындырудың жоспарын жасау туралы нұсқау берді. Банк өзінің $4,2 млрд, мөлшеріндегі қаржылық міндеттерін несие берушілерге таңдау ретінде қарыз міндеттін 80пйыздық жеңілдіктепн қайта кері сатып алу; қарыз міндеттерін пайыздық мөлшерлемерін азайтып, 50 пайыздық жеңілдікпен тағы 7 жылға ұзартуды; қарыз міндеттерін пайыздық мөлшерлемерін азайтып 15 жылға ұзартуды ұсыну арқы өтеу ниетінде.

«Біздің түсінгенімізше, несие берушілермен кездесу маусым айынынң алғашқы жартысына белгіленген. Ең дұрысы, қайта құрылымдаудың жоспары «несие берушілер комитетімен» 10-ші шілдеде шешілетін шығар.
Егер шілденің 15-не тараптар келісімге келе алмаса, ҚҚА банкті консервация тәртібіне көшіріп банкроттық процудараны бастайды», - деп айтылады S&P хабарында.
Standard & Poor’s-те қабылданған рейтингті анықтау анықтамасын басшылыққа алсақ, борышкер рейтингтік агенттік тұрғысынан толығымен дефолт жіберсе – яғни белгіленген мерзімге ол өзінің қарыздық міндеттерін толығымен, немесе іс жүзінде орындамаған жағдайда сарапшылар «D» (дефолт) рейтингін тағайындайды.
«Біздің дефолтқа берген анықтамамыз, рейтингтері бар және рейтингтері жоқ та қаржылық міндеттерді орындамауын қамтиды. Одан өзге, қабылданған критерилерге сәйкес, біз қайта құрылымдау мақсатында қарыздық міндеттерді сатып алу туралы мәжбүрлі дисстрестік ұсыныстарды, эмитент тарапынан, тіпті инвесторлар ерікті түрде техникалық тұрғыдан осы ұсынысты қабылдап жатса да және заңды тұрғыдан дефолт болмаса да, біз дефолт ретінде қарастырамыз», - деп түсіндірілген ақпаратта.
«Біздер, эмитент біздің көзқарасымыз бойынша, өзінің міндеттерін таңдамалы түрде орындамаса, яғни бір немесе бірнеше міндеттері бойынша дефолт жіберіп, ал қалған міндеттері бойынша дер кезінде төлемдерін жасап жатса да, «SD» (таңдамалы дефолт) рейтингін береміз», - деп түсіндіреді S&P сарапшылары.