Жұма, 22 Қараша 2024
Әкімнің ісі 3703 0 пікір 29 Қараша, 2017 сағат 01:44

Б.Байбек: Цифрлы Қазақстанның енгізілуі түрлі әкмішілік кедергілерді жояды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының Қазақстан экономикасын цифрлау бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында бірқатар объектілермен танысты. 

Жұмыс сапары барысында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі Комитеттің төрағасы Бағдат Мусин жүргізушілерге қажет құжаттар санын қысқартатын «Е-штрафы» жобасын таныстырды. Ол өзінің сөзінде ИИН бойынша планшеттер арқылы жүргізуші жөнінде барлық мәліметті, оның ішінде техпаспорт пен сақтандыру полисі туралы да білуген болатындығын жеткізді. Бұл жүйе енгізілген соң автожүргізушілер полиция қызметкеріне тек жүргізуші куәлігін көрсетсе болғаны. Айыппұлды жүргізушілер дәл сол жерде немесе мобильді POS-терминалы арқылы төлейді, ақша бірден автоматты түрде төлем жүйесінен көрінеді.

«Енді хаттамаларда негізгі үш көрсеткіш көрініс табады, олар: ИИН, автомобильдіің мемлекеттік нөмірі және тәртіп бұзу бабы. Бұдан былай жүргізушілердің толық құжаттарын алып жүруі қажет емес. Жергілікті полициямен жүйе тестілеуден өтті. Біз құжаттарды қажет етпейтін жүйе бойынша жұмыс істейтін алғашқы қаланың Алматы болуын ұсынамыз», -деп атап өтті Б.Мусин.

Өз кезегінде Алматы әкімі пилотты «Е-штрафы» жобасының мегаполисте енгізуге қолдау білдірді және қаланың патрульді қызметін планшеттермен, мобильді термопринтерлермен жабдықтау үшін қаржы іздестуріді тапсырды.
«Цифрлы Қазақстанның енгізілуі түрлі әкмішілік кедергілерді жойып, жемқорлықты азайту үшін енгізіледі», -деді Б.Байбек.

Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында «Инновациялық технология паркінің» автономды кластерлі қоры маңында орналасқан «Tech-Garden» ІТ аймағында болды.

ІТ аймақтың резиденттері - 10 IT-компаниялар мен 15 стартаптар. Бұлардың барлығы IBM, ARM, Autodesk, 1C сияқты заманауи палтформаларды пайдаланады. Жобаға қатысушылардың көпшілігі мұнайгаз, металлургия, машина жасау сияқты өндіріс саласымен айналысатын танымал шетелдік компаниялармен бәсекелес, сонымен қатар қаланың инфрақұрылымын дамытуға өздерінің оң істерін ұсына алады.

Асқар Жұмағалиев инновациялық негіздегі жобалармен танысты және Қазақстанның түрлі өңірлерінің және жақын шетелдрдің стартап- компанияларының қатыуымен шеберлік сыныптарын өткізуді ұсынды.

Бүгінгі күні Алматы қаласы транзитті-көлік дәлізін ойдағыдай жүзеге асыруда, әлемнің ірі нарығына қауіпсіз және қысқа жолдарды қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде елімізге халықаралық түрлі пошта өнімдері Астана, Алматы, Орал қалалары бойынша халықаралық пошта алмасу арқылы келуде, бұлардың 80%-ы Алматы арқылы өтеді. Пошта өнімдерін Қытайдың, Сингапурдың, Германияның, АҚШ-тың және басқа елдердің интернет- магзиндері жіберуде.

Премьер-министрдің орынбасары мен Алматы қаласының әкімі «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда пошта өнімдері автоматты түрде сұрыпталады, ол сағатына 6 545 пошта өнімдерін жібереді. Жүйе салмағы 10 килограмға дейінгі халықаралық және ішкі бандерольдер мен хаплықаралық шағын пакеттерді іріктейді.

Орталық жұмысымен танысу барысында «Қазпошта» АҚ-ы басқармасының төрағасы Сәкен Сарсенов интернет арқылы сауда жасаудың күн санап артып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері Қазақстанға 9 млн. астам шетелдік пошта өнімі түскен.

Ерғали Берікұлы

Алматы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279