Жұма, 22 Қараша 2024
3980 8 пікір 4 Желтоқсан, 2017 сағат 10:10

АҚШ-тың арнайы прокуроры "сот әділдігіне кедергі келтіру ісін" дайындап жатыр

Former FBI Director Robert Mueller, the special counsel probing Russian interference in the 2016 election, departs Capitol Hill following a closed door meeting, Wednesday, June 21, 2017, in Washington. (AP Photo/Andrew Harnik)

2016 жылғы президент кампаниясына "Ресейдің араласуы" ісін зерттеп жатқан АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер "сот әділдігіне кедергі келтіру ісі" бойынша дәйектер жинап жатыр.

Бұл жөнінде Politico америкалық басылымы сенатор-демократ Дайан Файнштейннің NBC телеканалына берген сұхбатына сілтеме жасап жазады.

Файнштейннің сөзі бойынша прокурордың өзі тергеу ісін жарияламай отыр. Бірақ Майкл Флиннің мойындауы мен тергеу ісіне көмектесуі жөніндегі сөздері, сонымен бірге Трамп әкімшілігімен жұмыс істегенін мойындауы "сот әділдігіне кедергі келтіру" ісін дайындауға себеп болуы мүмкін дейді сенатор.

Трамп ФБР директоры Джеймс Комиді 2017 жылдың мамыр айында қызметінен кетіргеннен кейін, Мюллер "сайлау кампаниясына Ресейдің араласуы" ісін тергеуді қолына алған. Бір айдан кейін, арнайы тыңдауда жауап берген Коми Трамптың өзіне қысым көрсеткенін айтқан. Комидің сөздерінше, президент Флиннің ресейлік ресми өкілдермен байланысын тексермеуді талап еткен.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп президент кампаниясы жетекшілері мен Ресей үкіметі агенттері арасында байланыс болғанын жоққа шығарады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297