«Қазіргі терминжасам: бағыттары мен принциптері» республикалық әдістемелік семинары өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Астана қаласында 2017 жылғы 25 мамырда «Қазіргі терминжасам: бағыттары мен принциптері» республикалық әдістемелік семинарын өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты, Қазақстан Республикасы министрліктерінің жетекші мамандары арасында бүгінгі терминжасамның өзекті мәселелері талқыланады.
Аталған әдістемелік семинарда терминжасамның бағыттары айқындалып, терминдерді біріздендірудегі халықаралық және отандық тәжірибелер зерделенеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, лингвист-ғалымдар, БАҚ өкілдері, орталық атқарушы органдардың жетекші мамандары, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы, Достық 11, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Конституция залы
Басталуы: сағат 09.00. 2017 жылғы 25 мамыр
Абай-ақпарат