Сенбі, 23 Қараша 2024
3113 0 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 18:27

Өскеменде қазақ тілінің болашағына қатысты республикалық семинар өтеді

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" атты орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған семинар өтеді, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы. Бұл шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынаың аясында ұйымдастырып отыр.

Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.

Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,  қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов, «Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы, Семей аймақтық «Ақжол» партиясының төрағасы Рахат Омаров қатысады.

Шара үстіміздегі жылдың 16-20 қазан аралығында  өтеді.

Барлығы жобаға 500-ге жуық адам қамтылады, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мүшелері, орыстілді азаматтар, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және т.б.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483