Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2654 0 пікір 20 Желтоқсан, 2010 сағат 05:33

Бекжан Әшірбаев, ақын: Биліктен қымыз иісі шықпағасын...

Екі қарап, бір шоқисың

- Сіз елге танылған ақын бола тұрып, музамен мұңдаса алмайтын «Заң газетіне» қалай тап болып жүрсіз, бұл газет ақынға қол ма екен?

- Жасыратыны жоқ, біздің елде салалық журналистика дамымаған. Бірақ ұлттық ерекшелігіміз болар, қазақ журналистері кез келген салада жақсы жаза алады. Дегенмен дамыған Еуропа, Америка, Жапония баспасөзіндегі кәсібилік өреге әлі жете қойған жоқпыз. Оның бір себебі осы салалық журналистиканың кемшілдігі болар. Оларда спорт, мәдениет, медицина, әскери, заң салаларының журналистері арнайы дайындалады.

«Заң газетіне» келуден бұрын, мен бірнеше басылымда қызмет істедім. Мәселен, «Ел мен жер» және «Қазақ университеті» газеттерінде бас редактордың, «Қазақ әдебиеті» мен «Азамат KZ» газеттерінде редактордың орынбасары қызметін атқардым. Әрқайсысының өзіндік бағыты болды. «Заң газеті» де солай. Құқықтық терминдер, заң саласының өзіндік тілі және заңы бар. Бұған да үйреніп қалдық.

- Сіз қазір газет жұмысына қосымша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде сабақ бересіз. Студенттерді салалық журналистика бойынша оқыту идеясына оқу орнының басшылары қалай қарайды?

Екі қарап, бір шоқисың

- Сіз елге танылған ақын бола тұрып, музамен мұңдаса алмайтын «Заң газетіне» қалай тап болып жүрсіз, бұл газет ақынға қол ма екен?

- Жасыратыны жоқ, біздің елде салалық журналистика дамымаған. Бірақ ұлттық ерекшелігіміз болар, қазақ журналистері кез келген салада жақсы жаза алады. Дегенмен дамыған Еуропа, Америка, Жапония баспасөзіндегі кәсібилік өреге әлі жете қойған жоқпыз. Оның бір себебі осы салалық журналистиканың кемшілдігі болар. Оларда спорт, мәдениет, медицина, әскери, заң салаларының журналистері арнайы дайындалады.

«Заң газетіне» келуден бұрын, мен бірнеше басылымда қызмет істедім. Мәселен, «Ел мен жер» және «Қазақ университеті» газеттерінде бас редактордың, «Қазақ әдебиеті» мен «Азамат KZ» газеттерінде редактордың орынбасары қызметін атқардым. Әрқайсысының өзіндік бағыты болды. «Заң газеті» де солай. Құқықтық терминдер, заң саласының өзіндік тілі және заңы бар. Бұған да үйреніп қалдық.

- Сіз қазір газет жұмысына қосымша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде сабақ бересіз. Студенттерді салалық журналистика бойынша оқыту идеясына оқу орнының басшылары қалай қарайды?

- Идея дұрыс қой. Бірақ қазірше студенттерді салалық мамандық бойынша дайындап жатқан жоқпыз. Дегенмен электронды баспасөздің дамуына байланысты біздің елде «Азаматтық журналистика» пайда болды. Яғни әрбір Қазақстан азаматы интернет арқылы кез келген электронды баспасөзге өз пікірін жазып, азаматтық ойын айтып, мәселе көтеріп, ақпарат тарата алады.

Бұл - баспасөздің еркіндігі, ой­дың ашықтығы. Мен бұған дейінгі қызмет еткен басылымдарда талай сыни мақалалар жазып, үлкен мәсе­лелер көтердім. Бірақ соған құлақ қойған, назар аударған ешкім болмайтын. Ал «Заң газетінде» олай емес екен, көтерген мәселеңнің жауабы, жаң­ғырығы бар. Сонымен бірге жазған дүниеңе заңның көзімен қарап, өте мұқият болады екенсің. Өйткені заңмен тікелей жұмыс істеп отырған соң, бұ­рын­ғыдай журналистік мінезге салып негізсіз айта салу, қатты бояу беру дегендерден арыласың. Қысқасы, екі қарап, бір шоқисың.

- Бекжан мырза, енді айтыс ақыны ретінде айтыңызшы, біздің билік ұлттық өнеріміздің сүбелі саласы - ақындар айтысының обалына қалатын түрі бар. Мәдениет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бірігіп, республикалық айтыс өткізіп жатыр екен. Жүрсін Ерманов мырзаның бір газетке берген сұхбатынан ұққанымыз - үкімет айтысқа ақша беріп отырған соң, ақындар аузын бағып сөйлейтін сияқты. Сонда қайта жанданған айтысымыз «сарай ақындарының» айтысы болатын түрі бар ғой...

- Жүрсін ағаның «Қазақ әдебиетіне» берген сұхбатын мен де оқыдым... Мақтағандығым емес, ол кісінің қазақ айтысына сіңірген еңбегін ешкім ұмытпас. Ақындар айтысының бүгінгі өреге көтерілуіне тікелей сол кісі себепкер болды десе, оқырман онымен де келісетін шығар. 70 жыл тілін тістеп қалған сөз өнерінің төресі - ақындар айтысына ұйымдастырушылық қабіле­тімен Жүкең бір кісідей еңбек сіңірді.

Ақындар айтысы - қоғамдық пікірге ықпал ететін идеялогияның бір қаруы. Ол Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғындағы идеялогиясыздықтың артын­дағы үлкен идеология жататынын көрсетті. Ал айтысты үкіметтің қолдауын жақсылықтың нышаны ретін­де түсінген дұрыс. Жүрсін аға бұдан бұрынғы сұхбаттарында ақындар айтысына биліктің, тікелей үкіметтің қолдауы жоқтығын айтып жүруші еді. Бұл жолы сол үміті орындалған сияқты, айтысты билік өзі қаржы­ландырып, жүйеге түсіріп жатыр. Мұның ақындарға, өлеңге пайдасы зор болмақ. Одан үрейленудің қажеті шамалы, өйткені бұдан бұрынғы ақын­дар айтысында да ақындарға бағыт-бағдар беріліп тұратын.

Айтыс жалаң ұран немесе көшедегі желсөз сияқты дәнексіз болмауы керек. Ол - поэзия. Сондықтан да ақындар айтысының сахналық мәдениеті, өзіндік тілі болуы шарт.

Сіздікі кім тары берсе, ақындар соның тауығы болатын шығар деген күдік қой. Меніңше, олай емес, ақын - ұлы, текті халық. Олар сөздің жүйесіне, өлеңнің қисынына жеңілмесе, ақшаға, байлыққа сатылмайды.

Жалған тарих жоқ, жалған тарихшы бар

- Біздің ұлттық мұрамыздың бір саласы Алашорда мұраты болса керек. Ал сіздің осы салада біраз еңбектенгеніңізді білеміз. Жалпы, осы Алаш арыстарын іздеп, зерттеп жатқандар бірлі-жарым тарихшылар мен жазушы-журналистер ғана. Ал үкіметке Алаш тақырыбы жат сияқты. Неге?

- Алаш тақырыбы, мұраты, идея­сы тікелей маған жат емес. Өйткені бұл - ғылыми жұмысымның тақы­рыбы. Алаш қайреткерлері - бүгінгі тәуелсіз мем­лекетіміздің теориялық негізін қалап кеткен азаматтар. Яғни орыс отар­лығына қарсы күрес жүргізген, қазақ тәуелсіздігі үшін қан кешкен батырлар.

«Алаш қозғалысы» 1905 жылы құ­рыл­ды. Ал «Алаш» партиясы сол қоз­ғалыстың негізінде 1917 жылы пайда болды. Сол жылдың желтоқсан айында бүкіл қазақтың екінші құрылтайы өтті. Құрылтайдан соң «Алашорда үкіметі» құ­рылып, оның басшысы ретінде Әли­хан Бөкейханов сайланды... Тарих - жал­ғыз, ол жалған болмайды, тарихшы көп, олардың арасынан жалған тарихшылар көп шығады.  Жасырып қайтеміз, Алаш зиялы­ларының еңбектері үкімет тарапынан ақсап тұр. Алайда ғылыми институттарда, жоғары оқу орындарында Алаш тақырыбынан кандидаттық, дип­ломдық, ғылыми жұмыстар қо­рғалып, жазылып жатыр ғой. Сондықтан үкімет­ке Алаш тақырыбының жат еместігі айқында­латындай.

-Біздің елдің ұлттық даму саясаты мен елдің болашақ мемлекеттілігі үшін Алаш зиялыларының идеясы қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

- Алаш зиялыларының идеясы бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің тео­риялық негізін қалағанымен, мұрат-мақсаты дәл бүгінгідей емес болатын. Ол кездегі қазақ мүддесі, қазақ мұраты басқа болатын. Ал қазір ше? Қазіргі уақыт, жағдай, мәселе басқа. Өйткені тарих дөңгелегі алдыға жылжыды. Дегенмен сол кездегі қазақ тілінің, жерінің, ұлттық шекарамыздың мәселесі әлі бір шешімін таба қойған жоқ. Бұл жағынан Алаш идеясы керек-ақ...

Әлемдік саясатта отарлау үш бағыт­та жүреді екен. Біріншісі - рухани отарлау, екіншісі - саяси отарлау, үшін­шісі - экономикалық отарлау. Қазақ тарихында да осы үш түрлі отарлау саясаты жүргізілді. Үстем ел алдымен қазақты құдайсыздыққа көндіргісі келді. Сонан соң уақытша дала ережесіне бағын­дырып, қазақ Ресейдің жерін жалға алып тұрушы ретінде қаралды. Қазақтың байларын болыстыққа таластырып, сая­си отарлау тәсілін қолданды.

- Бір кездері төрткіл дүниедегі түріктердің басын қосуды көздеген Мұстафа Шоқайдан бастап, барлық Алаш арыстарына қатысты сыни көзқарас пайда болған сияқты. Мәселен, бүгінгі күні ел ішінде ғана емес, билік басын да улаған рушылдықтың дерті өз заманында «Алаш» зиялыларын да іріткен деген сөз айтылады. Осының қаншалықты жаны бар?

- Мұстафа Шоқай өз естелігінде былай деп жазады. «Мен елде жүрген кезімде 1916 жылы Торғайда Әбдіғаппар мен Амангелді Иманов көтеріліске шықты. Бірақ ол ұлт-азаттық көтеріліс емес еді. Өйткені оған ұлт зиялылары қатысқан жоқ. Сондай-ақ оның алдына қойған мүддесі ұлт мүддесі емес, ру мүддесі болды. Маған Имановтың адамдары келді. Олар Арқада арғын­дарға Байтұрсынұлының көсем болып отырғанын айтты. Менің Торғайға келіп қыпшақтарға көсем болуымды өтінді. Сонда мен: «Мен руға емес, қазақ немесе өзбек болып бөлінуге қарсы болып жүрген, алты алаштың басын қосуды көк­сеген адаммын. Мұндай бассыз­дық­тарыңа қарсымын!» - деп айттым», - дейді Алаш арысы. Соған қарағанда, сіз айтқан Алаш зиялы­ларының ара­сындағы рудың әңгімесі Иманов сияқты оқымаған, сауатсыз адамдардың жасап жүрген ісі болуы керек. Әйтпесе Алаш зиялылары руға тартты дегенге кім сенеді?..

- Алаш идеясын жақтайтын жазушы-зерттеушілердің пікірімен келісер болсақ, қазақтың орыстан уланған санасын құлдық дерттен ада етуге түрік ғұламаларының ойы мен түркілік идеясы көп көмектесетін сияқты. Сіз не айтасыз?

- Иә, түрік идеясының бізге жақын екені рас. Егер шамамыз жетіп жатса, қазаққа түрікшілдік идеямен қаруланып, түркілік сананы қалпына келтіргеннің зияны жоқ. Дегенмен бүгінгі зиялылар туралы жағымды пікір айта алмаймын...

Жазушы Қабдеш Жұмаділов ағамыз Түркияға барған бір сапарынан естелік жазды. Сонда ол кісіге бір түркиялық оқырман: «Сіз жазушысыз. Неге тарихи шығарма жазасыз?» - деп сұрапты. Жөн сөз. Өйткені түрік оқырмандарына жазушының тарихи еңбек жазуы - түсініксіз жағдай. Түрік тарихшылары Осман империясының 800 жылдық тарихын әлдеқашан жазып қойған. Жазушылары тек көркем дүние жазады. Ал бізде ше? Бізде тарихшы - жазушы, жазушы - тарихшы. Өйткені біз түрік елі сияқты, құлдықтан ерте арылған ұлт емеспіз.

 

... Саммитті түсіну қиын

- Біздің ел жуырда бүкіл Еуропаның төбесінен қарап, төрелі пікір айтып, саммит өткізді. Биліктегі шенеуніктер үшін бұл мәртебелі жиын болған шығар. Алайда ауылынан аудан орталығына баратын жөні түзу жолы жоқ қазақ үшін осы саммит не берді деп ойлайсыз?

- Әрине, ауылдағы ағайын үшін саммитті түсіну қиын. Бірақ әлемдік ортада Қазақстан - өз бет-бейнесін қалыптастырып келе жатқан мемлекет. Сондықтан қазақ қаласын-қаламасын, саммиттің өткені дұрыс болды деп ойлаймын. Бұрын Жамбыл Жабаевты та­ны­ған шетелдік Қазақстанды білмей­тін. Ал қазір таниды.

- Сіз «Заң» газетіне басшылық етіп жүргендіктен сезетін шығарсыз: қазір сот пен прокуратурадан әділет таба алмаған қара халық газеттерге көп шағынатын болып кетті. Мәселен, біздің газет редакциясы сондай шағыну хаттардан көз аша алмайды. Осының салдары не деп ойлайсыз? Жемқорлық жайлаған заң орындары қара халықтың талап-тілегіне құлақ асқанды қойған ба, әлде?..

- Сотқа екі тарап келеді: бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Жеңілгені міндетті түрде риза болмайды, арызданады. Арызы орындалмаған азамат газетке барады. Бүкіл республикаға жариялайды. Бұл - қалыпты жағдай. Қазақстанның құқық қорғау орындарының мамандары Қазақстан заңын ізгілендіру туралы мәселе көтеріп жүр. Оған себеп көп. Мәселен, бір азамат құны 20 мың теңгелік ұялы телефон ұрлап, 5 жылға сотталады дейік. Қазақстан түрмесіндегі бір адамға жылына 700-800 мың теңге бөлінеді екен, сонда 20 мың теңгелік зат ұрлаған азаматты түрмеде ұстап отыру үшін 5 жылда 3,5-4,0 миллион теңге жұмсалады. Бұл, біріншіден, азаматтың жеке өміріне, екіншіден, ел экономикасына зиян. Заңмен бәрін түзеу мүмкін емес. Өйткені заңның да «заңы» бар. қысқасы, халықтың құқықтық сауаты оянбай, ұлт өз жоғын өзі жоқтай алмас.

- «Даттың» қарапайым, тұрақты оқырмандарына айтар датыңыз бар ма?

- Біз 16 желтоқсанға қарай сұхбат­тасып отырған соң, «Датымды» осы тақырыпқа орай жазылған өлеңмен айтып берейін.

Сұранар сексен алты

Жара жеңсе,

Біз қашан серпілеміз

Саналы ерше?

Колбиннің тіліменен жүрміз әлі,

Көтертпей зәузаты азған

заман еңсе.

Тәрбие келіп жаттан

Қара нәлет,

Сіңуде терме қалып,

Санаға рэп.

Барады боз інгендей боздап ішім,

Қазақтан қазақ тумай қала ма деп.

Қабырғаң сөгіледі

Сойыл батса.

Аттандар ел едік-ау,

Қой ұрлатса.

Шопандар тілімен-ақ ғылым жасап,

Шоқандар түсірді ғой ойын хатқа.

Ақпарат эфирлерден тарап салқын,

Тіліме бұйырғаны

Аз-ақ сарқын.

Бір күні қанағат деп отырмайық

Жазатын мәшінкенің

Қазақша әрпін.

Заң да бар,

Қосылуда оған бап та,

Бәрібір бұрылмай тұр оңалмаққа.

Бұл тілдің мәселесі

бір жоғалса,

Қазақпен бірге ғана жоғалмақ па?..

Жалбарын,

Тасаттық бер, жина нәзір,

Тұрған жоқ текекөздер сыйлап әзір.

Ойланғын, дөкейлерім-бөкейлерім,

Емеспіз құрып кетер

Динозавр.

Кемітер немкеттілік ұлт бағасын,

Содан ғой

Өз жеріңде сырттанасың.

Басқаға бергенім көп бейбіт күнде,

Биліктен қымыз иісі шықпағасын...

- Әңгімеңізге де, өлеңіңізге де көп рақмет!

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 45 (82)15 желтоқсан 2010 жыл.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480