Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2368 0 пікір 20 Желтоқсан, 2010 сағат 07:03

Ақтөбе облысының үш селосына магистралды газ құбыры тартылды

Ақтөбе. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - Алға ауданы Алға қаласының маңында ұзындығы 62 шақырым болатын «Жаңажол-Ақтөбе» газ құбыры пайдалануға тапсырылды. Ол аймақтың елді мекендерін «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырымен жалғады.

Онымен газ Алға ауданының Тамды, Павловка және Тоқпансай селоларына жеткізіледі. Бұл аймақта 5,5 мыңнан астам адам тұрады.

«Осы арқылы аймақты газдандырудың 2006-2010-шы жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының тағы бір тармағы орындалды», - деп Ақтөбе облысының әкім орынбасары Қалижан Әбдраимов мәлім етті.

Газ құбырының құрылысы мен үш ауылды газдандыруға республикалық бюджеттен Т1 млрд 13,6 млн теңге бөлініп, ол қаражат толығымен игерілді.

Бүгінге Ақтөбе облысының территориясында 62 ауылға газ тартылған. Ол елді мекендерде 465 мың адам тұрады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114