Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 5872 16 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 12:19

"Алдымен Тәуелсіздік" деп сөз берген, Исекешеев қалай өзгерген?

Астана дейтін әйдік шаһардың әкімі Әсет  Исекешев, өткенде жұрт алдында  Жаңа жылға дайындықты тек Тәуелсіздік мерекесінен кейін ғана бастайтынын айтқаны есімізде. "Ой, бәрекелді" дестік біз. Тәу етер Тәуелсіздік күнін басқа-басқа, Астананың айрықша атап өтер жөні бар.

Сенбесеңіздер, Әсет мырзаның әкімиятының сайтында бұл ақпараты әлі тұр. Желтоқсандағы мерекелік даталарға даярлықтың арнайы тәртібі бекітілген.

«Жаңа жылдық шыршаларды Тәуелсіздік күнін атап өткен соң, 18 желтоқсаннан бастап орнатамыз деп жоспарлаған едік. Кейбір жекелеген нысандар шырша орнатып, оны безендіре бастады. Бұған қатысты наразылық білдіргендер бар. Тәуелсіздік күні еліміздің басты мерекесі болғандықтан, басымдылық сол мерекеге беріледі», - деген. Бұл әкім Әсекеңнің өз сөзі еді. Алып-қосқанымыз жоқ.

Сөйтсек, Астана Жаңа жылды тойлауды әзірден-ақ бастап кетіпті. Астананың халық ең көп жиналады деген орындары жасыл шыршалармен безендіріліп үлгерген екен. Жұрт жапатармағай әлгі шыршаның түбінде суретке түсіп, әмпей-жәмпей, мәз-мейрам.

Есесіне, "stan.kz" дейтін сайт, ЕлордадаТәуелсіздік күніне қатысты белгі я ескертпе жоқ деп жазады.

Бұл қалай болғаны, Әсет мырза? Әйтеуір, ұққанымыз - Әсет мырзаның сөзіне пысқырып жатқан жұрт жоқ Астанада.

Тәуелсіздік күніне дайындыққа 17-желтоқсаннан бастап кірісеміз деген әкім Әсеттің басқаруындағы Бас Шаһардың Жаңа жылды тойлауды бастап кеткеніне жол болсын дедік.

Ресей секілді алпауыт империяның бұғауынан босап, азаттық алған елдер арасында жаңа жылға дәл Қазақстандай құрмет көрсететіндері некен саяқ-ау.  Болса да, өз ретімен, аспай-таспай, шығын шығармай тойлауға бейім көпшілігі. Ал бізде ше? Ұлан - асыр той. Қып-қызыл шығын.

Алайда,  қаншама жыл санаға сіңген жаңа жыл, біреулер үшін тәуелсіздіктен биік болып тұрғанын өзге қалаларды қайдам, Астананы аяңдап жүріп аралаған адам сезе қоярына бәс тігеміз...  Астана әкімі бұйрықпен ештеңе өндіре алмас, тек тәуелсіздіктің арқасында байыған, билікке жеткен шенеуніктер ойланып, алды-артына қараса ғана бір жетістікке жететініміз анық. Әйтпесе, бәрі бекер шаруа бола ма деген қауіп бар...

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407