Сенбі, 23 Қараша 2024
3530 3 пікір 13 Желтоқсан, 2017 сағат 09:35

Трамп "қырындауға" байланысты жауап қайырды

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне қатысты айтылған «әйелдерге қырындады» деген айыптарға Twitter парақшасында жауап берді.

Твитте: "Демократтар рәсуа қылған мыңдаған сағат пен миллиондаған долларға қарамастан "Ресеймен сөз байласты" деген айыптар дәлелденбеді. Сондықтан олар жалған айыптаулар және мен білмейтін, өмірімде кезікпеген әйелдердің ойдан шығарылған оқиғаларына көшті. Жалған жаңалық" деп жазылған.

Желтоқсанның 10-ы АҚШ-тың Біріккен ұлттар ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли "Трампты айыптайтын әйелдердің шағымын тыңдап шығуға болатынын" айтқан.

Бұдан соң АҚШ-тың төрт бірдей сенаторы «әйелдерге қырындады» деген айыптарға байланысты Трампқа отставкаға кетуге кеңес еткен. Демократ сенатор Керстин Джилибрандт CNN телеарнасына берген сұхбатында: "Трамп өз еркімен отставкаға кетпесе, онда Конгресс тиісті тергеу жүргізіп, оны жауапқа тартуы керек" деген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407