- Біріншіден, осындай конфренция ұйымдасттырғандарыңа рахмет. Бойым бар, 187 сантиметр. Қазақты оятсам деген тағы да бір ойым бар... Ешкімнің көлеңкесіенде жүргім келмейді. Жалпы мен бақытты адаммын. Өйткені кезінде мықты азаматтармен жұмыстас болдым. Мәселен, әртүрлі жылдары мына кісілердің орынбасары болыппын. КазГУ журфагының атақты 5-жатақханасы студенттік кеңесінің төрағасы Ермұрат Бапи, Қазақстан Республикасы Жастара істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы Иманағали Тасмағамбетов, РНПК басшысы Әкежан Қажыгелдин, РНПК атқару комитетінің төрағасы Ғазиз Алдамжаров, ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай мен қазіргі ЖСДП «АЗАТ» тең төрағасы Болат Әбілев. Әрқайсысы жеке бір кітапқа лайықты азамат. Әрқайсысынан бір нәрсе болса да үйренуге тырыстым. Сосын адамдар да екі түрлі болады ғой. Бірі көлеңкесін түсіреді, ал бірі сәулесін шашады.
Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |