Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3072 6 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 08:55

Трамп кеңесшісі Ресей әрекетіне қарсы тұруға шақырады

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер батыс елдері Ресейдің "тұрақсыздандыру әрекетіне" қарсы тұру керек деп есептейді. Оның сөздерінше, Мәскеу ашық және еркін қоғамды бұзу үшін "өте қиын кампания" жүргізіп жатыр.

BBC-ге берген сұхбатында Макмастер "Ресейдің АҚШ президент сайлауына араласуы, ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қатер" деп мәлімдеген.

Герберт Макмастер 2016 жылға сайлау кампаниясы кезінде ресейлік араласудың негізгі мақсаты АҚШ-тың саяси көрінісінің екі тарабы болды деп есептейді. Оның сөздерінше, Ресей шиеленіс жасау үшін, солшыл және оңшыл күштерді де қолдауы мүмкін.

Бірер күн бұрын жарық көрген АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясында Ресей мен Қытайды Америкамен бәсекелесуші күш ретінде атап, "америка билігіне ықпал жасап, ел қауіпсіздігі мен дамуына кедергі келтіруі мүмкін" деп көрсеткен.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513