Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5002 0 пікір 21 Желтоқсан, 2010 сағат 13:34

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ: МЕДИА-КОММУНИКАТИВИСТИКА АЛАҢЫНДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫ МҮДДЕЛЕР

Қазақстанның ақпараттық нарығында шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде 2309 газеттер мен журналдар және 83 теле-радиобағдарламалар таратылады деген ресми деректер келтірілген бұрынғы Ақпарат  және мәдениет министрлігі сайтында. Орта есеппен алғанда қазақстандық БАҚ-тың 30% ресейлік БАҚ-тың үлесінде [1].

Сондай-ақ аталған ресми деректер бойынша еліміздегі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы санының 90%-ы орыс тілінде, 5%-ы ағылшын және 5%-ы басқа тілдерде (келтірілген сан мына тілдердің жалпы қосындысынан беріліп отыр: грек, неміс, голланд, испан, португал, швед, грузин, армян, француз, корей және басқа) таратылады. Көрсетілген басылымдардың тақырыптық бағыттары: ақпараттық-ойын-сауықтық; аптасына бес рет шығатын қоғамдық-саяси; қалғандары салалық болып келеді.

Аталған бұқаралық-медианың тақырыптық бағыттарына талдау көрсеткендей, халық арасында шетелдік БАҚ-ның жалпы санының 83%-ын құрайтын ойын-сауықтық басылымдар мен телебағдарламалар кеңінен таралған.

Қазақстанның ақпараттық нарығында шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде 2309 газеттер мен журналдар және 83 теле-радиобағдарламалар таратылады деген ресми деректер келтірілген бұрынғы Ақпарат  және мәдениет министрлігі сайтында. Орта есеппен алғанда қазақстандық БАҚ-тың 30% ресейлік БАҚ-тың үлесінде [1].

Сондай-ақ аталған ресми деректер бойынша еліміздегі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы санының 90%-ы орыс тілінде, 5%-ы ағылшын және 5%-ы басқа тілдерде (келтірілген сан мына тілдердің жалпы қосындысынан беріліп отыр: грек, неміс, голланд, испан, португал, швед, грузин, армян, француз, корей және басқа) таратылады. Көрсетілген басылымдардың тақырыптық бағыттары: ақпараттық-ойын-сауықтық; аптасына бес рет шығатын қоғамдық-саяси; қалғандары салалық болып келеді.

Аталған бұқаралық-медианың тақырыптық бағыттарына талдау көрсеткендей, халық арасында шетелдік БАҚ-ның жалпы санының 83%-ын құрайтын ойын-сауықтық басылымдар мен телебағдарламалар кеңінен таралған.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында шетелдік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын тарату қызметін ұсынатын кабельдік және эфирлік-кабельдік телевизия жүйесінің 80-нен астам операторы қызмет атқарады. Бұл секторды «Алма-ТВ», «Казцентр-ТВ», «Айна-ТВ», «Секател» секілді бірнеше ірі операторлар ұсынады. Республика аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратушы ірі мекемелер: «Қазпошта» ААҚ, «АиФ-Қазақстан» СП» ЖШС, «Евразия пресс» ЖАҚ, «Алма-ТВ» ЖАҚ, «Секател» ЖШС, «Казцентр-ТВ». Олар тарататын бұқаралық-медианың жиынтық түрдегі көлемі - 70%. Шетелдік өнімді таратушылардың 93%-ы - заңды тұлғалар.

Бүгінде әлемде алдыңғы қатарлы дамыған елдерді айқындау ақпараттық қорларды иелену мен дамыту өлшемдерімен өлшенетін кезең туындап отырғаны шындық. Қоғам дамуын материалдық қорлармен емес ақпараттық-коммуникациялық игіліктерді өндіру, дамыту және пайдалану өлшемдерімен айқындауда. Дамушы елдер сол ақпарат өндірісінде тұтынушы ретінде ғана қатысып отырған елдер саналуда. Бүгінде даму жолына түскен елдер  ақпаратты тұтынумен бірге, өзінің де ақпарат өндіру әлеуетін жетілдіруде. Сол елдердің қатарында Қытай, Үндістан, Малайзия, Түркия, Ресей, Бразилия және т.б  сияқты елдерді жатқызуға болады.

Дегенмен қазіргі уақытта Қазақстандағы ақпаратты жинау, әзірлеу, жалпы ұлттық ақпарат тілі ретінде дамыту орыс тілі арқылы қолданылуда. Мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі ақпараттың тілі емес, аударманың тілі болып отыр. Қазақ тілі ақпаратты сіңіру емес, орыс тілі арқылы сіңген ақпаратты тәржімалау тілі күйінде қалып отыр. Бұл соңғы кездері жиі айтылатын саяси ақпараттың сапасы мен берілуіне қойылар өткір сынның бірі болып отыр.

Ақпарат пен коммуникация жылдам дамып отырған қоғамда ақпаратты пайдалану және оның өндірісін дамыту сол үшін де маңызды саналмақ. Әсіресе, бұл әлем елдерінің басым бөлігінде ақпарат индустриясын дамыту үдерісінен байқалуда.

Шетелдік масс-медианың саяси билікпен қарым-қатынасын зерттеуде Қазақстанның шетелдермен саясат саласындағы ақпараттық-коммуникативтік байланыс орнату тәжірибесі маңызды саналмақ. Қазақстанның бұқаралық ақпарат және коммуникация кеңістігінде ресейлік БАҚ-тың үлесі басымдықта.

2003 ж. 18 ақпанда Ресей және Қазақстан мәңгі достық елдер ретінде ант қабылаған болатын. Осынау екі ел арасында маңызды саяси шарада ҚР Президенті Н. Назарбаев: «Біздер бір-біріне ешқандай қарызы жоқ, қарама-қайшылығы, шешілмеген проблемалары жоқ мемлекеттерміз»,-деген болатын [2].

Қазақстанның Ресеймен ақпараттық-коммуникативтік қарым-қатынастарының дамуы, әрине, ең алдымен, екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастарға қатысты дамып, халықаралық ақпарат кеңістігінде жаңа бағыттағы ақпараттар ағынын тудыратыны рас. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси ақпараттық байланыстар мемлекеттік деңгейде өтетін ірі оқиғалар мен ел басшыларының ісспаралары кезінде белсене түсетіні анық. Мәселен, Ресейдің бұрынғы мемлекет басшысы В. Путин екі ел арасындағы мәңгі достықты қабылдау шарасында саяси коммуникативтік процестердің дамуына негіз боларлық бағыттардың бірін  былайша атап өтеді: «Біз бірлесіп халықаралық лаңкестікке, аймақтық қақтығыстарды реттеуге, трансұлттық қылмысқа қарсы ынтымақтастықта боламыз, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның алдағы уақытта бірлескен маңызды ақпараттық жобалары,  екі жақты қауымдастық кездесулері жүзеге аспақ» [3].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Ресейлік мемлекеттік медиа-ресурстар (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті МассМедиа орталығының мәліметтерінен)

 

Ресейдегі Қазақстан, Қазақстан Ресейдегі жылдары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен перспективалық ынтымақтастық саяси ақпараттық процестердің де дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Бүгінде Қазақстанның бұқаралық медиа нарығындағы ресейлік мерзімді басылымдар және электрондық БАҚ, телекоммуникация операторларының айтарлықтай үлесінің басты факторы ретінде жаһандық мега-медиакомпаниялардың  трансұлттық ақпарат және коммуникация нарығын иелену стратегиясынан деп санауға болады.

Қазақстандық бұқаралық медиа секторында ресейлік жетекші саяси сараптамалық басылымдар мен электронды БАҚ-тың меншік иелеріне қатысы: мемлекеттік және мекеменшік медиаконцерндердің медиа-ресурстарының аралас шоғырлануы тән.

Яғни, қазақстандық саяси медиа-секторда ақпараттық-коммуникативтік процестердің белсенді қатысушысы саналатын «Бірінші арнадан» бастап басқа да электрондық БАҚ қорларының басым бөлігі мемлекеттік бұқаралық ақпарат көздері болып саналады (1 сурет).

Сондай-ақ, Қазақстандағы мерзімді басылым аудиториясын иеленіп отырған көптеген БАҚ өнімдері жаһандық әйгілі «Sanoma WSOY» компаниясына қарасты «Индепендент Меди»,  «Фэшн Пресс» баспа үйлеріне тиесілі «Cosmopolitan» «Harper's Bazaar» «Men's Health» элитарлық, эксклюзивтік басылымдары, «Юнайтед Пресс» баспа үйіне қарасты «Yes!», «The Moskow Times», сондай-ақ «Информационные системы» РБК қарамағындағы «Лиза»  «Playboy»  «Burda»  «Oops!» сияқты ең аудиториясы жоғары медиаөнімдерді атауға болады [4].

Қазақстандық бұқаралық саяси ақпараттық кеңістіктегі ресейлік БАҚ секторының басымдығымен қатар, коммуникациялық жетекші операторлар қызметінің де осы процестердің кәсіби, жылдам, сапалы жүзеге асуына да ықпалын тигізіп отыр.  Ақпарттық-коммуникатвитік бағыттағы бірлескен жобалардың қатарында алдымен IT-индустриясының дамуына арналған «Kazsat» серігін әзірлеуден бастып, ғарыштық кеңістіктегі техникалық қолдауды атауға болады.

Екі ел арасындағы ақпараттық-коммуникативтік қарым-қатынастардың келесі бағыты - телекоммуникация нарығындағы операторлар қызметі. Бұлардың қатарында нарықтың басты қатысушысы, жетекшісі Beeline. Сондай-ақ кабельдік хабар тарататын «Секател» компаниясы, сонымен қатар  «АиФ-Қазақстан» СП», «Евразия пресс» ЖАҚ, «Интерфакс» т.б. ақпараттық желілері, агенттіктері жатады.

Автордың ойынша, екі ел арасындағы массмедиа және коммуникация саласындағы серіктестік пен ынтымақтастықтың ақпараттық-коммуникативтік процестерге тигізер ықпалын мынадай факторлармен айқындауға болады.

Қазақстан-Ресей саяси қарым-қатынасындағы жаһандық және ТМД елдері саммиті, саяси кездесулер, баспасөз-конференциялары, брифингтер, меморандум сәттері т.б. барлық мемлекеттік маңызды шаралар кәсіби тұрғыда медиаға даярланып, өңделуімен, Еуразия құрлығына және әлем елдеріне жылдам таралуымен және де, ең бастысы, саяси коммуникативтік хабарламалар, ақпараттар, мәлімдемелердің объективтілігін қамтасыз ету болып саналады.

Келесі бір фактор - екі елдің арасындағы саяси коммуникативтік қарым-қатынастардың мемлекеттік ақпараттық саясат аясында мәдениетаралық, ұлтаралық, конфессияаралық сипаттағы, өнер,  білім беру т.б. қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын жобалардың жүзеге асуын ақпараттық-коммуникатитвік қолдау болып саналады. Бұл орайда, Қазақстандағы  Ресей жылына қатысты Интернет порталдың жұмысы [5], Мәскеу өңірлік «Қазақ тілі» қоғамының веб-порталы [6] осынау міндеттерді жүзеге асырып, жаһандық желідегі виртуалдық диалогты дамытып  отырған жобалар.

Елімізге келіп жатқан ақпарат ағынының   ең қуаттысы Ресей тарапынан. Ресейдің жоғары білікті кәсіби телебағдарламалары мен бірнеше радиосансалардың ретрансляциясын, бұқараның басым бөлігін жинап отырған баспасөзін, іздестіру жүйесі дамыған Рунетті қоса атауға болады.

Дегенмен қазақстандық ақпараттық-коммуникативтік кеңістіктің белсенді қатысушысы, еліміздегі ақпараттық ағындарды түйістіретін арнасы ретінде  Ресейдің бүгінгі басым позициясы қоғамдық ұйымдар, оппозиция тарапынан сыналып жатады.

Қазақстандық ақпарат алаңы бірнеше ақпарат ағыны тоғысатын  қойма ретінде айтылатын сыни материалда мынадай факторлар аталады [7].

Ақпараттық-коммуникативтік процестердің дамуындағы бірінші аталатыны тіл мәселесі. Қазақстанға таралатын ресейлік масс-медиа өнімдерінің қазақ тілінде берілмеуі олардың отандық БАҚ-пен салыстырғанда бәсекеге қабілеттігіне ықпалы болып отыр. Өйткені бұқаралық аудиторияны тартуда ресейлік БАҚ тек орыстілді тұрғындар арасында бәсекелесе алады. Дегенмен қазақстандық бұқара үшін басты ақпарат көзі телевизия екенін ескерсек, Ресейдің «Бірінші арнасы» Қазақстандағы «Еуразия» арнасы  логотипімен эфирде жарияланғанымен, басты ақпараттық ағын ресейлік болып отыр.

Әрине, бұл бағыттағы ақпараттық-коммуникативтік процестердің дамуы тек орыстілді аудиторияны қанағаттандырғанымен, қазақтілді көрермендерде отандық ТВ өнімдерін тұтынудан басқа таңдауы жоқ.  Сондай-ақ қазақтілді телеөнімдердің Ресей  не басқа мемлекеттердің ақпараттық кеңістіген келетін бәсекелесі жоқ. Өйткені қазақстандық телеарналардың қазақтілді тұрақталған аудиториясы бар. Дегенмен қазақтілді сараптамалық, саяси ақпараттық  бағдарламалар көбінде бұқаралық медиа өкілдері тарапынан сыналуда. Сонда аталған кемшіліктер қазақтілдік телеарналардың танымалдығын төмендете қоймасы анық.

Бұл, өз кезегінде қазақстандық бұқаралық медиахолдингтер мен медиакомпаниялардың шетелдермен бәсекеге қабілетті ұлттық өнімдерді әзірлеп қоймастан, соның пәрменділігіне бағытталған саясатының әлсіздігінен болып табылады.

Екі ел арасындағы саяси ақпараттық-коммуникативтік қарым-қатынастардың орнауында мерзімді баспасөз өнімдері тұрады. Мұны кейде кәсіби БАҚ өкілдері «қазақстандық екінші реттік журналистика» деген сындарын жасырмайды.

Қазақстанда өзіндік оқырмандар аудиториясы қалыптасқан ресейлік баспасөздер қатарында «АИФ-Казахстан», «Известия-Казахстан», «Новая газета -  Казахстан» т.б. саяси-қоғамдық басылымдар бар. Мұндай танымал ресейлік басылымдарда жергілікті фрилансерлер мен тілшілердің материалдары қоса жарияланады.

Қазақстандағы «АИФ» немесе «Известия» т.б басылымдарда, бүкілқазақстандық өңірлерді қамтитын «Еуразия» арнасы, т.б. бұқаралық медиа эфирлерінде ресейлік ақпараттың, саяси  хабарламаның басым болуы,  сондай-ақ міндетті ақпараттық жүктеменің үлесі артуы байқалады.

Осы тұрғыдан алғанда, Алматыдағы «Әлеуметтік технологиялар орталығының» 2006 ж. қазан айындағы Республикадағы  жетекші басылымдардың саяси-әлеуметтік маңызына қарай ақпараттық оқиғаларды жариялау саясатына жүргізген контент-талдауын келтірсек [8]. Талдауға қазақстандық мерзімді баспасөзбен қатар елімізде жарияланатын ресейлік «МК в Казахстане», «Комсомольская правда - Казахстан»,  «Аргументы и факты - Казахстан», «Труд - Казахстан», «Новая газета Казахстан», «Известия - Казахстан» сияқты бірқатар басылым материалдары алынған. Ақпараттың маңызына қарай маңызды саналатын бес оқиға:

- Қазақстан Республикасындағы аудан және облыс әкімдерінің сайлаулары;

- Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары;

- Қазақстанда жүргізіліп отырған жемқорлықпен күрес жөніндегі науқанды оң бағалау;

- Қарағанды облысындағы шахтерлер мен металлургтердің көтерілісі;

- ҚР Президенті Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путинмен Орал қ. келіссөздерді оң бағалау.

Міне, «Әлеуметтік технологиялар орталығының» эмпирикалық зерттеулерден байқалғаны, 2006 ж. қазан айындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік өмірінде бес маңызды ақпараттық оқиғаны Қазақстанда жарық көретін жоғарыда аталған ресейлік баспасөздер басты ақпараттық оқиға ретінде қабылдамаған.

Ресейлік медиаөнімдердің қазақстандық тұрақты аудиториясының: оқырмандары мен көрермендерінің өз еліндегі саяси оқиғалардан, саяси жаңалықтардан аластап қалуы - олардың саяси сауаты мен мәдениетіне, түптен келгенде саяси қатысушы азамат ретінде саяси санасына әсері артуы қатер әкелетін факторлардың бірі ретінде қарастырған жөн.

Бұл жағдайда ресми саяси билік бұқара халқының отандық арналар арқылы саяси коммуникативтік процестерден шеттеп қалмауын, керісінше, соның белсенді қатысушысы, орындаушысы, бақылаушысы болуына имкемдейтін  мемлекеттік ақпараттық саясаттың бағыты ретінде қарастыру дұрыс.

Қазақ-ресей тараптарының басты ақпараттық ағындарының даму динамикасын қарастырсақ. Қазақстанда жергілікті телеарна, радиостансаларының  аудиториясынан елімізде тарайтын эфирлік ресейлік арналардың тұрақты аудиториясы басымдау. Бұндай үрдістің орын алуы  отандық телеөнімдердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттігі салыстырмалы түрде төмендігінен деуге болады.

Еліміздегі бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік процестердің белсенді қатысушысы ретінде отандық телевизияның болашақта дамуы толықтай тәуелсіз дербестікті қажет етеді. Бұл кезекте, әсіресе, қазақстандық медиа нарықтағы жарқын саяси позициясымен танылған «31» арнаның ресейлік «СТС» телевизиясы акциясының басым бөлігіне иеленуін атауға болады.

Келесі кезектегі проблемалар қатарында, сарапшылардаң пікірінше, Қазақстандағы Интернет кеңістігін реттеу туралы Заңға өзгерістердің енгізілуі болып саналады. Бұл отандық Казнет секторындағы тұтынушылардың Рунет зонасына миграциялану процесін арттыра отырып, жалпы саяси коммуникативтік процестердің, виртуальдық саяси ақпарат кеңістігінің, инернет-бизнестің, интернет-жарнаманың  дамуына кедергі келтіреді деп санайды [9].

Бұқаралық медиа және интернет сектордағы аталмыш проблемалар отандық ақпараттық ағындардың әлсіреуіне әкелмек. Бұл, өз кезегінде, қазақстандық азаматтардың ұлттық Казнет аймағынан ресейлік, шетелдік Интернет секторына ауқымды түрде ауысуына ықпал етуде.

Билік тарапынан салиқалы ұлттық ақпараттық саясат қажеттігі, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі аталғанымен, ақпараттық кеңістік пен ақпараттық ағындар сегментіндегі осынау проблемаларды шешуде, реттеуде саяси шешімдер қажет.

Біздің отандық бұқаралық медиа бәсекеге қабілетті нарықта, ең алдымен, мемлекеттік маңызды мәселелерді бұқара жариялайтын, билік пен аралық топтар арасындағы саяси коммуникативтік байланыстарды жетілдіруді қамтамасыз етуші қуатты да әлеуетті құрал рөлінде ықзметін жетілдіруі тиіс.

Әрине, екі ел арасындағы бұқаралық медиа нарығының өте белсенді дамуы осындай бірқатар проблемаларды күн тәртібіне қойып отыр. Мұндай үрдістердің одан әрі дамымауы үшін де отандық мемлекеттік ақпараттық саясат тұрғысынан алғанда отандық  ТВ нарығын бәсекеге қабілеттігін арттырудың шараларын қарастыру, жүзеге асыру қажет.

Мемлекеттік маңызды ақпараттық-коммуникативтік процестерді жүзеге асыруда, әрине, ресейлік медиа  секторын шеттетуден гөрі солардың озық тәжірибесі, білікті мамандарын бірлескен жобаларға тартқан жөн. Бұл бірінші жағынан,  мемлекет тарапынан қазақстандық электрондық, мерзімдік медиа секторының бәсекеге қабілеттігі артуымен қатар кәсіби түрде ақпараттық ағындардың реттелуін, ұлттық ақпараттық-коммуникативтік процестердің  үйлесуіне оң ықпал етпек.

Ресей-Қазақстан ақпараттық-коммуникативтік процестердің ағыны тек бір тараптан, Ресей жағынан басымдықта болуы масс-медиа саласында бірқатар заңнамалық актілер мен ережелерді қайта қарастыруды талап етеді.

Дегенмен екі ел арасындағы саяси коммуникативтік процестердің даму  динамикасы айтарлықтай оң позицияда екендігін баса айту керек. Бұл, алдымен, екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген халықаралық саяси процестердің дамуы салдарынан туындаған саяси коммуникативтік алмасулардың кәсіби деңгейде дамуы болып табылады.  Сондай-ақ аталған ақпараттық-коммуникативтік процестердің қазақстандық тұрғындар үшін еуропалық мәдени құндылықтар, демократиялық және гуманистік құндылықтарды танып, білуіне оң ықпалын атауға болады. Әрине, бүгінгі ақпараттық қоғамның өкілі ретінде бір мемлекеттің азаматы тұтас жаһандық деңгейде ақпарат қабылдай алатын, оны талдап, сараптай алатын жаһандық тұлғаға айналып отырғанын ұмытпаған абзал.

 

Әдебиеттер:

http://mki.gov.kz/showarticle.php?lang=kaz&id=2487

2  Осипов О. Россия и Казахстан поклялись в вечной дружбе // РИА Новости. - 2003. - 18 февраля

3  Осипов О. Россия и Казахстан поклялись в вечной дружбе // РИА Новости. - 2003. - 18 февраля

4  Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары: тәжірибесі, мәселелері, келешегі // Санкт-Петербург мемлекеттік университеті МассМедиа орталығы ХІ халықаралық мектебі. Спб., 2008. - 29 маусым-6 шілде

http://www.russia.kz/index.html

http://kazakh-tili.ru/?show=news&id=474

7  Два разных ТВ - два разных Казахстана // Республика - деловое обозрение. - 2009. -  10 июля

http://ia-centr.ru/archive/public_detailsdefa.html?id=244

9  Два разных ТВ - два разных Казахстана // Республика - деловое обозрение. - 2009. -  10 июля

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440