Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2470 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 07:16

Қазақстан автомобиль жанармайы бойынша бірден Еуро-5 стандарытна өту мүмкіндігін қарастырып жатыр

Астана. 22 желтоқсан. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Қазақстан автомобиль жанармайында Еуро-3 және Еуро-4 стандарттарынан аттап бірден Еуро-5 стандартына өту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

«Жанар май стандарттарына (автомобильдер үшін Еуро-3 пен Еуро-4 стандарттарына - ҚазТАГ) өту бойынша бізде 2014-ші жылы Еуро-3-ке және 2016-шы жылы Еуро-4-ке көшу бекітілген. Сонымен қатар біздің мамандарға мұнай өңдеу зауыттарын қайта жөндеу аясында бірден Еуро-5 стандартына көшу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған», - деді А. Мағауов сәрсенбі күні BNews.kz порталындағы on-line-конференциясында.

Оның айтуынша, тікелей өтудің аталған мүмкіндігі қазір зерттелуде.

«Жалпы айтқанда біз қазір осындай талдама жұмыстарын (Еуро-5 стандартына бірден өту жөнінде - ҚазТАГ) жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Еске салсақ, автомобильдер үшін Еуро-3 стандартын енгізу 2011-ші жылдан, Еуро-4-ке көшу 2014-ші жылдан жоспарланған. Автомобиль жанармайы үшін Еуро-3 стандарты 2014 жылдан, Еуро-4 - 2016-шы жылдан бастап енгізу жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415