Депутат Тінекеев журналистерден объективті болуды өтінді
Астана. 22 желтоқсан. ҚазТАГ Елена Преображенская. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінекеев пленарлық отырыс барысында журналистерден парламенттің жұмысы мен депутаттардың айтқандары туралы өз мақалаларында объективті баяндауды сұрады.
«Менің төртінші билік өкілдері - журналистерге өтінішім бар. Соңғы уақытта парламенттің жұмысынан әділетсіз хабар тарату оқиғалары жиілеп кетті. Соның ішінде кейбір журналистерге беретін сұхбаттардың мағынасын бұзып беру жағдайлары да», - деді М. Тінекеев сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.
Депутат «сіздердің (журналистердің - ҚазТАГ) бір әріптестеріңізге Қарағанды өңірінде судьяларды қысқартуға қатысты» «негізінен судьялар корпусының зейнеткерлік жастағы өкілдері қысқартылатынын, зейнеткерлікке шыққанда оларға 16 жалақыға дейін төлем жасалатынын» айтқанын жеткізді. «Ал жарияланған материалда судьялар туралы ештеңе айтылмаған. Және депутат Тінекеев мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту кезінде оларға 16 жалақы төленетінін айтқаны жазылған. Сонда, мен заңдарды білмейтін болып шықтым», - деп мысал келтірді мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бір газетте «Казахстан не сдержал обещаний» деген тақырыппен жарық көрген мақалада да депутат Тінекеевтің сөздерінің мағынасы бұзылып берілген.

«Мен саммитке әрқашан жоғары баға бергенмін. Бірақ Тінекеев: Қазақстан берген уәдесін орындамады, деп айтқан деген мақала жарық көрді», - деді ол.
«Төртінші билік өкілдеріне бір өтінішім бар, объективті және мұқият болыңыздар. Сіздерге кеңес беретін құқығым жоқ, бірақ менің әріптестерімнен және менен алатын сұхбаттар сөзбе-сөз эфирге берілгенін және дұрыс болғанын қалаймын», - деді ол.
Еске сала кетейік, өткен отырыста мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан байланыс министрінен депутаттарды қаңғыбастар мен жезөкшелермен қатар қойып, «мазақ қылған» БАҚ-қа қатысты шара қолдануды сұраған болатын.