Жұма, 22 Қараша 2024
3883 1 пікір 26 Желтоқсан, 2017 сағат 09:17

Өзбекстанда бірінші рет сайлаудағы бұрмалау жөнінде жазылды

Өзбек баспасөзі өткен жексенбіде халық депутаттары кеңесіне болған сайлаудағы бұрмалау жөнінде бірінші рет жазды. "Сайлаудағы алаяқтық!" деп аталатын мақала Kun.uz сайтында жексенбі күні жарық көрді.

Келесі күні материал вебсайттан жоғалып кетті. Бірақ оның көшірмесі кэште (интернет жадысы) сақталып қалған. Қазір сайтта ол мақаланың орнында мемлекеттік агенттіктің сайлау таза өтті деген ақпараты көшіріліп басылған.

Басылым сайлаушылар түсірген видеоға сілтеме жасап, сайлау бюллетендерін жаппай жәшікке тастап жатқаны жөнінде ақпарат берген.

"Видеода адамдардың өздерінің туыстары және достары үшін бірнеше бюллетендердің жәшікке тастап жатқанын көруге болады. Олар сайлау учаскелеріне бірнеше төлқұжатпен келді. Оның үстіне жергілікті билік өкілі дауыс беруге келгендерге, екінші нөмірлі үміткер – Жамолов Ғафурды белгілеңдер деген нұсқау берілген", – делінген мақалада.

Ал бұл уақытта Өзбекстанның мемлекеттік ұлттық ақпарат агенттігі "сайлау демократиялық талаптарға сай әділетті, таза өтті" деп хабарлап жатты.

Ташкентте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына соңғы 14 жылда бірінші рет сайлау өтті. Сонымен бірге өзбек билігінің айтуынша, бұл жолы бірінші рет электронды біріңғай санау жүйесі қолданылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292