Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 13:37

Тоты Атышева. Аралас некеге немқұрайлы қарауға болмайды

Сыпайы сөзді, шыңырау ойлы, әдепке берік қыздарымыздың қазіргі қоғамдағы орны қазақтың қызы деген атқа лайық па деген де ой келеді кейде. Халқымыз қыз баланың тәрбиесін әуел бастан ескерусіз қалдырмаған. Бойжете бастаған шағында-ақ қызға тән инабаттылық, тазалық, мейірбандық сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге баулыған. Бұған анасының, қыздың жеңгелерінің тигізген үлесі зор болған. Сол тәрбиенің аясында қыздарымыз әр қадамына жауапкершілікпен қарай білген. Жалпы қыз өсіріп отырған әр шаңыраққа «қызға қырық үйден тыю» мақалын ескере келе, бүкіл ауыл болып оның тәрбиесі сынға алынған. Қыз балалар әсіресе жиын жерлерде бірден көзге ілінеді. Жүріс-тұрысы, әр жасаған қимылы, ажары, шеберлігі сияқты қасиеттерімен көпшіліктің наразынан қалыс қалмайды. Бүгінгі қыздың -ертеңгі елдің анасы, әулеттің келіні атануына соның бәрі әсер еткен. Жастайынан бойына тәлімді тәрбие, үлкенге құрмет,кішіге ізет сіңірген қыз баладан болашақта шаңырағының тұғырын шайқалтпайтын, елі мен жеріне, балаларына қамқорлық танытатын салиқалы әйел шығатыны даусыз. Халқымыз қызын құрметтеуге де көңіл бөлген. Көпшілік жерде «босағада қыздың қырсығы қалады» деген ырыммен, төрге шығарған. Оларға дауыс көтермеу, жөнсіз балағаттамау сияқты орынсыз жайттарға аса мән берілген. Тіпті, жаңа түскен келіндер де қайын сіңлілерін аттарын атамай, еркелетіп өткен.

Орынсыз жерде сөз алмайтын, ұлтының, ер-азаматының жақсысын асырып, жаманын жасыратын қыздарымыз қазіргі таңда қандай қасиеттерімен танылуда? Бойжеткендеріміз арасында темекі шегуге әуестік көбейіп барады. Әп-әдемі сіңлілеріміздің аузынан темекі иісінің бұрқырап тұратыны үйреншікті болып кетті.Шетелге барып,оқып жатқан жастарымыздың да басым көпшілігі қыз балалар. Сол сіңлілеріміз ертең елге орала ма,әлде сол елдің ұрпағын өсіруге атсалысып, өзге елдің босағасында қалып қоя ма? Сол тарапынан, қазіргі уақытта некеге немқұрайлы қарау немесе «аралас неке» туралы жиі сөз қозғалуда. Қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуы белең алып кетті. Телеарналар мен ғаламтор беттерінен де осы жайтты көтерген бағдарлама, мақалаларды көзің шалып қалады. Бірақ, одан не қорытынды шығарып жатқан ешкім жоқ. Керісінше, «шетелдікке ұзатыпты» деп өз өзімізді әспеттеп, жарнамалаймыз.

Ал мәдени ошақтарымыз ше? Бір бірімен жарыса «ұлтаралық достықтың» алауын асқақтатып, небір фильмдерді өндіріп жатыр. Әрқайсында қазақ қызының тағдыры суреттелген. Бір фильмде орыстың, екіншісінде түріктің,тағы бірінде француздың етегінен ұстап кете барады. Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері тұрады. Соған қарамастан, киносюжеттерде тағы да қазақ қыздары құрбан болады. Ал сол фильмдердің жастарға берер тәрбиелік мәнін ойланып көрдік пе?

Осыдан 11 жыл бұрын Семейдегі университеттердің бірінде шетел филологиясы факультетін бітірген бір қазақ,бір татар қызы түрік ағайындарымыздың екі жігітінің етегінен ұстап кете барды. Сол кезде «енді Түркияда тұратын болады» деп,ел таңданыса қараған-ды. Татар қызынан хабарым жоқ,ал қазақ қызының әкесін танитын болғаннан кейін оқта-текте қаладан көріп қалсам, міндетті түрде қызының халін сұраймын. Барғаннан кейін, 1-2 жыл өткен соң жеке үй тұрғызып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан сияқты. Әрине, оған қуанамыз. Мақаланы жазардан азы-ақ күн бұрын онлайн-блогтардың бірінен арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының азап шегіп жүргенін оқығанымда, ішім удай ашыды. Алты түрлі тілді меңгерген, шетелде білім алған, әжесінің тәрбиесін көрген қыз екіқабат қалпында далада қалған. «Күйдім-сүйдім» деп алған күйеуі үйден қуып жіберген, тіпті құжаттарын да қайтып бермеген. Барар жер,басар тауы жоқ... ол не өмір сонда...? Бұндай жайттар қаза берсең көп. Аруларымыз үшін таңдаған азаматының мінезі, өмірлік ұстанымы, білімі, ішкі -сыртқы болмысы тарапында тереңірек білу аса маңызды іс. Аяулы ананың, ибалы жеңгесінен тәрбие алған қыздарымыз өмірлік серік таңдаудың соңғы мезетінде бұлыңғыр ой, жеңіл мінез көрсету кейінгі өміріне қауіпті екенін санасымен сезінсе етті.

Бірде теледидардан зиялы қауым өкілдерінің бірі сөз сөйлеп жатыр екен. Құлақ түріп тыңдасам, «қызым шетелде тұрады,күйеуі еуропалық ұлттан. Күйеу балам пәленбай тіл біледі» деп мақтанып отыр. Құдай-ау,ата жолын жалғастырар азаматтарымыз осылай қолпаштаса, өзге не демейді.  Өзіміз ауылда қазақы иіс аңқыған атамыздың мойнына асылып өскен баламыз ғой, сонда әлгі атақты жазушы немерлерімен қай тілде сөйлеседі екен деген ой келді.

Аралас неке ұлтымызға, ана тіліміздің, дініміздің, ұлтымыздың болашағына кесірін тигізіп жатқаны жатқанын білсек те үндемей отырмыз.  Сонда қазақ қыздарын қазақ жігіттеріне қарамай шетелдіктерге әйел болуға итермелейтін не? Албырт жастық па, махаббат па, әлде еуропалық жоғары тұрмыстық жағдай ма? Қазiргi таңда жылына жүз мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерсе, соның 25 пайызы аралас неке өкiлдерi екен. Қазақ қыздарының қалталы шетелдiктерге тұрмысқа шығуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны өкінішті... Елінің іргесіне жау төнгенде намысты қолдан бермей, ерлермен бірге атқа қонған да сол қазақ қыздары емес пе еді...?

Семей қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406