Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2362 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 04:33

Республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстігінде – тұман түседі – ТЖМ

Алматы. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігіне антициколон тармағы әсер етеді. Мұнда күн ашық, түнде тұман түсуі ықтимал. Республиканың солтүстік жартысы тұтас ағым тармақтарының ықпалында болып, сонымен байланысты мұнда қар жауып, бұрқасындатып, күшті жел тұрады, деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасындатып, күшті жел тұрып, 17-22 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін барады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерінде бұрқасындатып, Ақмола облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа дейін барады.  Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерінде бұрқасындатады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ. Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 22 м/с-қа дейін күшейеді.

Жақын күндері Қайраққұм су қоймасынан жіберілетін су көлемінің азаюы себепті, Сырдария өзеніндегі Шардараға құйылатын су көлемі азаяды. Қазақстанның өзен-көлдеріндегі мұз қату үдерісі жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381