Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7588 7 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 09:58

Негр қыздың байлығы

Бұл - Сара Ректор. Негр қызы. Түбі африкалық. Оның ата-анасы АҚШ-тағы құл иелену құқығына лайық бес үндіс тайпасының бірі - Крики тайпасы өкілінің құлдары еді.

Америкадағы Азамат соғысынан кейін құлиеленушілік жойылып, қара нәсілділерге азаматтықпен қатар сайлауда дауыс беру және жер иелену құқығы беріліп, алты жүздей негр баласының әрқайсысы 160 акрден жер иеленіп шыға келді (1 акр - 40,47 сотокқа тең).

Алайда, ең жақсы жерлер таза қанды үндістер мен ақ нәсілділерге беріліп, негрлерге сусыма құмды, тастақты, құнарсыз жерлер берілді.
Сараға да тиесілі болған жер ештеңе егуге жарамайтын, мал ұстап, егін егуге келмейтін жер еді. Оның әкесі жылына төлеп тұратын 30 доллар жылдық жер салығына шамасы келмей, жерді сатып жібермек болады. Алайда штат заңына сәйкес жер иеленуші адам жерін жалға берсе де, сата алмайтын еді. Амал жоқ, Джозеф Ректор қызына тиесілі жерді Standard Oil мұнай компаниясына жалға береді.

Құдайдың құдіреті-ай, десеңізші! Сараның жерінен мұнай шықты. Жылына 30 доллар табыс таппайтын шаңырақ күндігіне 300 доллар жалақы алатын болды. Сол-ақ екен, Сараға дүниенің түкпір-түкпірінен түрлі ұсыныс арқалаған хаттар жауып кеп берді. Ел несие сұрайтын болды. Тіпті, Сараның небары 12 жасар бүлдіршін екеніне қарамастан, құда түсушілер де қаптап кетті...

Бұл оқиғаның ең қайран қалдыратын тұсы: Оклахома штатының заң шығару органы бүлдіршін қыздың бас айналдырарлық байлығын есепке ала отырып (!) Сара Ректорды «ақ нәсілді» деп жариялап, арнайы заң шығарып берді...

Сара ханым 18 жасқа толғанда миллионер болған екен. Оның қалған өмірі дәулетті ақсүйектердің тұрмысы секілді бақуатты өткен дейді. Жоғары білім, жеке компания, жер иелігі, зәулім үй, акция... не керек, күйбең тірліктің таршылығына ұрынбай.., шаруасы дөңгеленген бір кісідей өмір сүруге қажеттінің бәрі болған...

***

...өз жанымыздан қоспағымыз - әр Қазақ сондай бай болсын! Құдайым баршамызға берекелі дәулет пен табысты таза кәсіпті нәсіп еткей!..

Қанат Ескендір

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052