Бейсенбі, 22 Қазан 2026
7094 3 пікір 29 Желтоқсан, 2017 сағат 08:54

Ит басындағы қырғыз қалпағының дауы

Қырғызстанның парламент депутаттары Бішкекте өткен жануарлар киімі көрсетілімінде итке қырғыздың ұлттық бас киімін кигізіп қойған адамды тауып, жазалауын сұрады. Ол киелі бас киімді жануарға кигізуге болмайды дейді.

Бұл дау бірер күн бұрын Бішкекте иттерге арналған киім үлгісін көрсету шарасынан кейін туды. Қырғызстандық дизайнер жануарлар шоуына қатысқан бір итке қырғыздың ұлттық ақ қалпағын кигізіп қойған. Бірақ бірқатар жас белсенділер мұны қырғыз халқын кемсіту деп түсінді.

Белсенділер Бішкекте митинг өткізіп, президентке және парламент депутаттарына хат жазатынын мәлімдеген. Аталған шараны ұйымдастырушылар айыппұл төлеу керек деген еді.

Парламент депутаты, социал-демократ Рыскелді Момбеков жалпы отырыс кезінде елдің бас прокуратурасы мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал тастап, иттің басына қалпақ кигізгендер жауапсыз қалмасын деді. Бұл мәселені өзге депутаттар да қолдаған.

"Қала ортасында итке ақ қалпақ кигізеді. Олар ұлттық бас киімді құрметтемей жатыр. Оларды жауапқа тарту керек",- деп мәлімдеді депутат Тазабек Икрамов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1143
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1585